Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арабтың қара хиджаб киген қыздары қазақтың зергерлік бұйымдарына қызықты (фото)

Опубликовано:

Күмістен ою ойып, түрлі зергерлік бұйымдар дайындайтын ақтөбелік шебер Болат Атыраубаев қазақтың ұлттық әшекейлеріне шетелде сұраныстың жоғары екенін айтады.

Бұл туралы NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісі хабарлайды.

«Биыл Кувейт мемлекетінде болып қайттық. Әлімнің 40 елінен қонақтар келіп, үлкен дәрежедегі халықаралық көрме болды. Менде ол жақта «қазақтың өнерін, мәдениетін қалай бағалар екен» деген ой болды. Себебі біздің өзіміз ұлттық өнерге енді ғана ден қойып жатырмыз. Бірақ Кувейт еліне барғанда қатты таң қалдым. Олар оюлы зергерлік бұйымдарға қатты қызықты. Әсіресе, қара хиджап киіп алған қыздар арасында қазақы ою салынған бес білезікке сұраныс жоғары болды. Бір қара киім киген қыз қайта-қайта келіп қарап, екінші күні келгенде сатып алып, біздің ұлттық әшекейлермен бірге суретке түсіп кетті. Шейхтер ою түскен, үлкен көздері бар күміс сақиналарға қызығады. Қолдарына 2-3 сақинаны қатар тағып алып кетеді. Түркияда қыздарға қарағанда ер адамдар сақиналарға құмар», - дейді Болат Атыраубаев.

Шебер шетелдіктердің қазақстандықтар туралы көп білетіне таң қалған.

«Кейбіреулер сыртқа шығып едік, біздің елді ешкім білмейді» деп жатады. Керісінше, мен 5-6 мемлекетте болдым «Қазақстан», «Президент Назарбаев» деп біздің ел туралы айтып отырады. Өзім сыртқа үнемі ұлттық киім киіп шығамын. Туды жанымызға қойып, ұлттық бұйымдарымызды жайып қойғанда қасымызға келіп адамдар селфи жасап жатады. Шығармашылық адамдары шетелге көбірек шығу керек. Өзге елдің шеберлерінің жұмыстарын көресің, рухани демалып қайтасың. Көрме кезінде шеберлік сабақтары өтіп жатады», - дейді ол.

Соңғы кездері шеберге ақ жаулықты аналар балаларына мұраға қалдыру үшін күмістен сақина, білезік соқтыруды әдетке айналдырған.

«Өзімізде соңғы он жылдықты алсақ, ұлттық өнерге деген қызығушылық аспан мен жердей. Жыл сайын ұлттық өнерге сұраныс жоғарылап келе жатыр. Қазір ақ жаулықты аналарымыз мұралыққа қалдыратын зат іздеп келеді. Сақина, медальдарын әкеліп, «осылардан бірдеңе жасап бер» деп жатады. Және құдалыққа арнайы сақина жасататындар көбейді. Бас құда мен құдағиға арнайы «құдағи жүзік» жасатады. Құдаға руы жазылған таңбалы жүзік, құдағиға екі бармаққа салатын үлкен жүзік. Бұлар да - мұралыққа қалуға жақсы заттар. Қазір дағдарыс болғанымен халықтың жағдайы жақсы, сапалы қолөнерді іздейді», - дейді шебер.

Шебер қазір зергерлік жұмыстармен қатар зерттеу жұмыстарын да қолға алып жүр. Жаңа топтамасына батыс өңіріне сай салмақты бұйымдар жасауда.

«Шетелден тапсырыспен қолөнер бұйымдарын сұрайтындар бар. Бірақ тасымалдауда құжат дайындаудың машақаты көп. Шетелге көрмелерге шыққанда сұраныстың көп екенін көріп, қазақ өнерінің жоғары бағаланатынын байқаймын. Қазақстанда ең қымбат зергерлік бұйымды 300 мың теңгеге дейін саттым. Кувейт елінде шейхтар салмақты білезікті 1 мың долларға сатып алды. Мұндай қаржыға қолөнерді түсінетін адамдар алады», - дейді Болат Атыраубаев.

Тағы да оқыңыз:

Кәрім Мәсімовтің Twitter-дегі бастамасы мазаққа айналды (фото)

Алматы облысында тұрғындар ауыл мешітінің бас имамы сәлаф деп күдіктенеді

Студент қазақстандықтар бай қытайларға қалай тәнін саудалайтынын айтып берді

Мақпал Исабекованың әнін тыңдаған сайын жылай беретін балақай жұртты таң қалдырды (видео)

Словениялық спортшы тікелей эфирдегі сайыс кезінде қаза тапты (видео)

Олимпиадада өзге елдің намысын қорғайтын қазаққа қатысы бар спортшылар кімдер? (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1216107-arabtynh-qara-khidzhab-kigen-qyzdary-qaz/