ОҚО-да 27 жастағы келіншек жоғалып кетті (фото)
Опубликовано:
Оңтүстіктің полицейлері із-түссіз жоғалған 27 жастағы Сарыағаш ауданының тұрғынын іздестіріп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.
2016 жылдың 11 тамызы күні Сарыағаш АІІБ-не 27 жастағы жергілікті тұрғын келіп, оның әйелі, 1989 жылы туған Құрбанова Нұрипа Талғатқызы 10 тамыз күні үйінен Шымкент қаласына шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы арызданған.
Белгілі болғандай, 27 жастағы әйел күйеуімен бірге Сарыағаш ауданындағы базарлардың бірінде жұмыс істейді. Ол Шымкент қаласына тауар әкелуге кеткен. Қазір Нұрипа Құрбанованы іздеуге Сарыағаштағы полицияның жеке құрамы мен криминалды полиция басқармасы жұмылдырылды.
Із-түссіз жоғалған азаматшаның жүрген жерін анықтау мақсатында барлық Қ(А)ІІБ-на бағыттама беріліп, жедел іздестіру тобы құрылды.
Жоғалған Нұрипа Құрбанованың белгілері: бойы шамамен 165-170 см, орташа денелі, қара шашты иығына түскен, көзі қоңыр. Көк түсті шалбар, жасыл түсті футболка, қара түсті аяқ киім киген.
ОҚО полицейлері із-түссіз жоғалған Нұрипа Құрбанова жайында қандай да бір ақпарат білетіндер болса, 102 немесе 8-771-883-30-13 нөміріне хабарласуын сұрайды.
Тағы оқыңыздар:
Тұрғындар: СҚО-да мораторийге қарамастан жергілікті билік жерлерді сатып жіберген
Алматыда Мәсімов жүретін жолдар жуылуда (видео)
Сарыарқа даласынан Мысыр пирамидаларына ұқсас ғимарат табылды
Атырау облысында жеті жастағы бүлдіршін екі жастағы баладай болып көрінеді (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1220756-oqo-da-27-zhastaghy-kelinshek-zhoghalyp-ketti/