Тұңғышбай Жаманқұлов министр Мұхамедиұлының қалай "откат" сұрағанын айтып берді
Опубликовано:
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының «Феникс» фильмін түсірушілерден 150 мың доллар ақша талап еткенін Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов та растап отыр деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Феникс» фильміне продюсерлік еткен Жаманқұлов фильмнің түсіру жұмыстарының аяқталуына Арыстанбек Мұхамедиұлының ел арасында «откат» деп аталып кеткен ақша талап етуі кедергі болды деп отыр.
«Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды» деген бар. Бұл әңгімелер бекер айтылып жатқан жоқ. Әрине, біз ештеңені дәлелдей алмаймыз. Парақорлар барлығын ойластырып қояды емес пе? Бірақ, бізден 150 мың доллар сұрады. Оның адамы келіп, қағазға осынша керек деп жазып көрсетті де, қағазды жыртып тастады. Біз оны түсіріп, үлгере алмадық. Кейін мұның бәрін дәлелдеп жүреміз деп ойладық па ол кезде», - дейді Жаманқұлов.
Түсіру тобында қаражат болмағандықтан, аталған сома министрге жетпеген. Режиссер мен продюсер министрмен тіл табысамыз деген әрекеттері де сәтсіз аяқталған. Сөйтіп, кинолентаны қаржыландыру үшін министр қолма қол ақша сұраған көрінеді.
«Біз алдымен ақшаны аударсын, сосын бірдеңе ойластырармыз деп те айттық. Бірақ, бізге «ақшаны алдымен беріңдер» деп талап қойды. Бізде ақша болмады, бере алмадық. Ал, ол жеті ай бойы біз 150 мың доллар әкеп береді деп күтіп жүрді. Барлық дау осыдан болып отыр», - дейді Жаманқұлов.
Актердің айтуынша, кейін «Феникс» жобасына деп мемлекеттен жоспарланған қаражат басқа жаққа бағытталып кеткен.
«Ол бұл ақшаны басқа жаққа жіберді. Мүмкін, сол жақта оған сұрағанын төлеген шығар? Бірақ, бізде дәлел жоқ. Біз шенеунік, бастық емеспіз. Бізде қандай да бір қысым жасау, ықпал ету тетіктері де жоқ. Ал, ол – мемлекеттің адамы, оған бәрі жағымпазданады. Оның сөзін бәрі сөйлейді, ал, бізді кез-келген адам қаралай алады. Бар болғаны біз министр болмағанымыз үшін», - деп ашынады Жаманқұлов.
Ал министрдің өзі болса бұған дейін ешқандай ақша алмағанын, алуға әрекеттенбегенін айтып ақталған болатын.
Тіпті, өзіне ауыр айып таққан режиссер Талғат Жәнібековті сотқа да берген. Кейін министрдің арызын қайтып алғаны хабарланды.
Тағы оқыңыздар:
Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.
Ер кезегі үшке дейін: Ниязымбетов кубалықтан есе қайтара ма? (фото)
Бес баласының үшеуі ауыр дертке шалдыққан отбасының өмірі
Майкл Джексон секілді билеген Данияр Елеусінов жанкүйерлерін таң қалдырды (фото,видео)
Ауылында қанша өзен бар екенін білмейтін шенділер Сапарбаевтан сөз естіді
Қызылордада күйеуінен ажырасқан келіншектер секс-шоптың саудасын қыздыруда
Қазақстанда қалың мал мен той шығындары теңге бағамының құлдырауынан шарықтап кетті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1225054-mukhamediulynynh-rezhisserden-aqsha-tal/