Алматыда 6 жыл бұрын дүниеге келген төртем биыл мектеп табалдырығын аттамақ (фото)

Опубликовано:

Алматыда 6 жыл бұрын дүниеге келген төртем биыл мектеп табалдырығын аттамақ деп хабарлайды 31 арна.

Бір-бірінен айнымайтын Гүлайша, Бегайша, Нұрайша және Жанайшаның оқу құралдарын реттеп, алғашқы оқу жылына дайындалуы ерекше. Тіпті "Абай" порталы арнайы табыстаған сөмкелерін арқаларынан тастамайды. Дәптерге аты-жөндерін жүгірте жазған төртемнің оқуға деген ынта-жігері бөлек көрінді. Отбасындағы алты қыздың әкесі болса, балаларды сабаққа апарып-келу жайын қазірден ойластырып жүр екен.

"Көріп отырсыздар, мектепке дайындап жатырмыз. Сабақ басталсын. Апасы келіп көмектесемін деп отыр. Ол жасы үлкен кісі", - дейді төртемнің әкесі Есентай Қапар.

4 Айшаны әкесі болашақ мектептеріне алып барды. Оқу ордасының ауласы мен сынып бөлмесінің аурасымен танысқан төртем таңдаған орындарына жайғаса кетті. Мектеп әкімшілігі де төртемді қуана қабылдап отыр.

"Енді төртем, егіздерде ойлау қабілеттері, еске сақтау қабілеттері жақсы болып келеді. Сондықтан биылғы келіп отырған төртемнен үлкен үміт күтеміз", - дейді №137 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Делегеева.

Қыздарының болашағынан әке-шешесі де үмітті. Бір баланы бағып-қағудың қиындығын төрт есе артық орындаған отбасы бүлдіршіндердің көрсетер қызығы мен қуанышы да еселене түссе екен деп тілейді.

Тағы оқыңыздар:

Алынбас қамал: Ниязымбетов Куба боксшысынан финалда ұтылып қалды (фото)

38 жастағы Гүзел Манюрова Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)

Жұртты шулатқан шілтерлі іш киімдер елімізде еркін сатылатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1225558-almatyda-6-zhyl-buryn-duniege-kelgen-tor/