Ғани Қасымов қыздардан жүзін "иттің тұмсығына" айналдырмауды өтінді
Опубликовано:
Экс-депутат Ғани Қасымов Instagram парақшасында Snapchat қосымшасын жиі пайдаланатын бойжеткендерге жазба қалдырды.
Оның айтуынша, бұл қосымшаға әуестік ерлердің нәзік жандылардан жиренуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
«...Мен сіздерге ұнаймын ба?... Жоқ... Дәл осылай, сіздер де (жас қыздар) жігіттердің санасында оғаш түрлеріңізбен жатталып қаласыздар. Бетіңізге иттің, мысықтың немесе торайдың тұмсығын жабыстырып фотоға түскеніңізден кейін ер адамға сіздің әдемі келбетіңізді есте сақтау оңайға соқпайды. Айналып келгенде екеулеріңіздің жұптарыңыз жараспай қалуына да әкеліп соқтыруы мүмкін...», - деп ескертті Қасымов.
Желі қолданушылары болса, Қасымовтың орынды әзілдеп отырғанын жазған. Тіпті ерлер қауымы әйелдердің бұл ескертпені қаперіне алатындарынан үмітті екенін жасырмаған.
Айта кетсек, Snapchat қосымшасы желі қолданушыларына фотодағы түрін өзгертіп, жануардың тұмсығына айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл әзілді қосымша соңғы кездері әйелдердің жиі қолданысына енген болатын.
Тағы оқыңыздар:
Лилия Рахтың беделді де ауқатты достары
Қыздың пәктiгiне аса мән беріп, одан бас тарту қаншалықты дұрыс?
Атышулы сәнгер Лилия Рах 33 жастағы Өзбекстан азаматын ұрлады деп күдіктелуде
Дінтанушы: Еліміздегі сәләфилер жылт еткен ақын, әнші, спортшыны өз қатарына қосып алады
Әкімдер Олимпиада жүлдегерлеріне жарысып көлік сыйлап жатыр (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1231551-ghani-qasymov-qyzdardan-zhuzin-ittinh-tu/