Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құралай Нұрқаділованың үйі тәркіге алынып, сатылымға қойылды

Опубликовано:

Куралай Нуркадилова
Куралай Нуркадилова. Фото: instagram.com/kuralaiofficial

Танымал қазақстандық сәнгер Құралай Нұрқаділованың үйі "Қазкоммерцбанкке" қарыз болғаны үшін тәркіге алынып, сатылымға қойылды. Бұл туралы 101tv.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Мәліметтер eauc.kz сайтында келтірілген.

Үйдің ауданы 283,8 шаршы метрді құрайды. 0,1366 гектар жері бар. Дубок ықшамауданында орналасқан.

Сатылым 7 қыркүйекте жүргізілетін болады. Үй 109,5 миллион теңгеге бағаланған. Бұл туралы Бірыңғай электронды сауда алаңында айтылды.

Еске салсақ, Құралай Нұрқаділова банкке қарсы сотта жеңіліп қалған болатын. Сот бірнеше жылға созылған. Сәнгер БАҚ көздерінде 2006 жылы несие алған кезінде банк 44 мың долларды заңсыз қарыз ретінде мойнына ілгенін мәлімдеген.

Өткен жылдың наурызында Нұрқаділова Жоғарғы сотта істің қайта қаралуына қол жеткізген. Алайда Алматы қалалық сотында ол жеңіліс тапты.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рахтың беделді де ауқатты достары

Қыздың пәктiгiне аса мән беріп, одан бас тарту қаншалықты дұрыс?

Атышулы сәнгер Лилия Рах 33 жастағы Өзбекстан азаматын ұрлады деп күдіктелуде

Дінтанушы: Еліміздегі сәләфилер жылт еткен ақын, әнші, спортшыны өз қатарына қосып алады

Әкімдер Олимпиада жүлдегерлеріне жарысып көлік сыйлап жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1231661-quralay-nurqadilovanynh-uyi-tarkige/