Банктің балағат сөз жазылған түбіртек ұсынғаны Қазнеттің ашуын келтірді (фото)

Опубликовано:

Facebook желісінде "БанкЦентркредит" қаржы ұйымының қатеге толы түбіртегі қызу талқылануда деп хабарлайды Qamshy.kz.

Желі қолданушыларының ашуын туғызған түбіртектегі жазулардан шынымен де ештеңе түсіне алмайсыз. Ондағы «уиқыты», «соми», «илуги шолитыш кишижит» деген сөздермен банктің өз клиенттеріне не айтпақ болғаны белгісіз.

Бір белгілісі, қарапайым «Рақмет» дегенді қатесіз жаза алмаған банк терминалы сөздің соңын қазақ тіліндегі былапыт ұғымға жақын «сиктиңыз» деп аяқтапты. Марғұлан Ақан есімді желі қолданушысы банктің бұл қылығын алда келе жатқан «Тілдер күні» қарсаңындағы қыңыр-қисық әрекеті болар деп жорыпты.

«Түбіртекті осыдан кейін сақтауға бола ма, болмай ма ойланып көру керек! Бір қателік көріп жабыса қалатын әдетіміз де шығар, бірақ бұл ұят емес пе?! Соңғы аптада тілдің мәселесі ушығып кетті-ау... Бәсе неге десем, 22-қыркүйек жақындап келеді екен ғой. Сол үшін жасап жатқан қыңыр-қисық әрекеттері болар? Ең жақсысы - бұл қателікті көргеніміз, ең жаманы - тәуелсіз, дербес елдің тіліне деген құрметтің жоқтығы. «Фб – бүгінгі газет» деп жүрміз ғой, онда газетке жазып бір жағына шығарайық», - деп жазады ол.

Тағы оқыңыздар:

Құралай Нұрқаділованың үйі тәркіге алынып, сатылымға қойылды

Есіктегі топ болып зорлауға қатысы бар соңғы күдікті ұсталды

Ғани Қасымов қыздардан жүзін "иттің тұмсығына" айналдырмауды өтінді

Қазақстанда жеті ата туралы мәлімет жинайтын мобильді қосымша пайда болды

Шымкентте бала сатуды бизнеске айналдырған акушерлер сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1232185-banktinh-balaghat-soz-zhazylghan-tubirte/