Аттракционға мінгеніне балаша қуанған Атамқұлов қаланы суретке түсіре жөнелді (фото)
Опубликовано:
ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов пен Шымкент басшысы Ғабидолла Әбдірахымов «Жайлаукөл» саябағының ашылу салтанатында республикада теңдесі жоқ айналмалы аттракционға мініп, көңіл көтерді.
Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қаланы көктен тамашалаудың қызығына кіріп кеткен әкім Атамқұлов қолына фотоқұрылғысын алып, суретке түсіре кетті.
Шымкентте республика бойынша ең үлкен «Shymkent Altyn Eye» айналмалы аттракцион пайдалануға берілді. Ол «Жайлаукөл» деп аталатын саябақта орналасқан. Саябақ ішінде тек бұл бір ғана аттракцион емес, тағы 21-і бар.
Ашылу салтанатына жиналған халық санында шек болмады. Атамқұловқа саябақты аралатқан Шымкент басшысы демалыс аймағының мүмкіншіліктерін түсіндіріп жүрді. Мұнан соң қос әкім айналмалы аттракционмен биікке көтерілді. Осы сәтте Бейбіт Атамқұлов қаланы суретке түсірді.
Саябақ директоры Ордаман Әшірбаевтың айтуынша, бұл нысанның құрылысы 7 ай бойы жүргізілген. Оған шамамен 1 млн АҚШ доллары жұмсалған. Саябақ жанында көлемі 7 гектарды алып жатқан көлшік бар. Онда келушілер катамаранмен көлшікте серуендей алады.
Директордың айтуынша, саябақтағы аттракциондар қысқы уақытта жұмысын тоқтатады. Тек «Shymkent Altyn Eye» айналмалы аттракционының қыстың күнінде жұмысын тоқтатпауға мүмкіндігі бар. Себебі ондағы кабинкалар салқындатқыш және жылытқыш жүйелеріне қосылған.
Өз сөзінде Ордаман Әшірбаев бұл орын өз меншігінде болғанымен, жер мемлекеттікі екенін айтып қалды. Оны жергілікті биліктен ұзақ жылға жалға алған.
«Шамамен қырық тоғыз жыл болып қалады-ау» деген директор 4 гектар жерді алып жатқан (көлшіктен бөлек аумақ) саябақтың көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына кететін шығынды өз қалтасынан төлейтінін айтты.
Тағы да оқыңыздар:
Бердібек Сапарбаев өзін күтіп тұрған "Джип"-ке мінбей, шаң басқан көлікпен ауыл аралады
Өскеменде қабаған ит балақайдың басын жұлып ала жаздады
Баспаналы болатынын 1 күн бұрын естіген шымкенттік мұғалімнің қуаныштан жүрегі жарыла жаздады (фото)
Не істерін білмеген ресейлік губернатор өртті қарбызбен сөндірді (фото)
Мақпал Исабекованың елді дүрліктірген суреттері (фото)
Теміртауда жас жігітті қыз үшін көзінен айырып, азапқа салған (фото)
Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.
Фотоны ОҚО әкімдігі, Айгерім Бегімбет және Динара Бекболова ұсынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1232229-attrakciongha-mingenine-balasha-quangh/