АҚШ-қа кетіп қалған алматылық жігіт ондағы жалақы туралы айтып берді
Опубликовано:
Алматыдан АҚШ-қа көшіп кеткен Тимур ондағы жалақының қаншалықты жоғары екенін айтып берді.
Қазақстандық жігіт Facebook парақшасында АҚШ туралы кезекті жазбасын қалдырды.
Тимурдың сөзіне сенсек, ол екі жоғары білім алған. Бірі - ҚазҰУ-да, екіншісі - Нью-Йорктің жоғары оқу орнында. Одан бөлек 27 жастағы жігіт АҚШ-тың ірі компанияларында төрт жыл еңбек өтілінен өткен.
"АҚШ-та жалақының үш түрі бар: 1) сағат сайын берілетіні (сағатына істеген жұмысыңыз үшін төлеп тұрады); 2) келісімшарт бойынша (аптасына, екі аптада бір рет); 3) қанша жұмыс істегеніңізге қарай (дизайнер, заңгерлерге қатысты)", – деп жазды ол.
АҚШ билігі 2016 жылдың минималды жалақысын сағатына 5,15 доллардан (Джорджия штаты) 11,5 долларға (Солтүстік Дакота) дейінгі деңгейде бекіткен. Аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істейтіндерге қалған сағаттар жоғарырақ төленуі тиіс.
Мысал ретінде ол ыдыс-аяқ жуушыны келтірді. Сағатына он доллар алатын ыдыс жуушы аптасына 48 сағат қызмет етсе, 520 доллар алуы тиіс (40 * 10 доллар = 400.00 доллар + 8*10 доллар *1.5 = 400 доллар + 120 = 520 доллар).
АҚШ-та жалақыға салық салынған.
"Сіз төрт түрлі салық төлейсіз (Флоридада – үш түрлі): State Income Tax, Federal Income Tax, Medicare Tax, Social Security Tax", – деп тізбектеді Тимур.
Кей штаттарда салық көбірек.
"Нью-Йоркте көбірек төлеуің керек. Отбасылы болсаңыз, салық төмен болады", - дейді Тимур.
Сонымен Флоридада жалақы төмендегідей:
Ыдыс жуушы – сағатына $8.00 - $12.00;
Құрылысшы – сағатына $10 - $30;
Банктік клерк – сағатына $10 - $18;
Сантехник – сағатына $12 - $50;
Такси жүргізушісі – сағатына $500 - $1200;
Даяшы – орташа есеппен шайпұлды есептегенде, бір кеште $80 - $400 + сағатына $5.03 - $8.05 чек. Даяшылар АҚШ-та менеджерден жоғары табады.
Бармен – орташа есеппен бір түнде $80 - $1000, сұлу қыз болсаңыз, ешқандай артық сексуалды қызметсіз-ақ бір түнде $1500 табасыз деп жазады Тимур.
Орташа деңгейдегі бухгалтер - жылына $28 000 - $45 000;
Жоғары деңгейдегі бухгалтер - жылына $30 000 - $62 000;
Кеңсе менеджері - жылына $28 000 - $40 000;
Қаржы менеджері - жылына $35 000 - $75 000;
Қаржы директоры - жылына $55 000 - $150 000;
Трейдерлер - жылына $45 000 - $500 000, тіпті $1 000 000;
Медбике - жылына $40 000 - $63 000;
Рентгенолог - жылына $30 000 - $45 000;
Дәрігер - жылына $40 000 - $100 000;
Оташы – жылына $60 000 - $300 000;
Инженер – жылына $40 000 - $90 000;
Сәулетші – жылына $60 000 - $300 000.
Қорғаушы - жылына $40 000 - $500 000;
Прокурор - жылына $60 000 - $85 000;
Мұғалім - жылына $40 000 до $60 000;
Өрт сөндіруші - жылына $47 000 - $78 000;
Полицей - жылына $40 000 - $70 000;
Әскери (офицер) - жылына $90 000.
Тағы оқыңыздар:
Елеусiнов: «Олимпиадада жеңдiм» деп бокспен қош айтыспаймын
Оралда "ерекше" жандардың үйлену тойы өтті (фото)
Назарбаев Олимпиада чемпиондарын «Барыс» орденімен марапаттады (фото)
Назарбаев: Ольга Рыпакованың «қола» медалі де «алтынға» татиды
Назарбаев: Ниязымбетов пен Левитті Олимпиаданың алтын жүлдегері деп санау керек (фото)
Жұма сайын мешітке барып, дұға тілеген орыс әйелдің ұлы ауыр сырқаттан жазылып кетті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1233838-aqsh-qa-ketip-qalghan-almatylyq-ondaghy-zh/