Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау тұрғыны теңіз жағасынан бұрын-соңды кездеспеген жыртқыш балық тауып алды (фото)

Опубликовано:

Теңізге шомылуға барған Ақтау тұрғыны, демаламын деп жүріп зәресі зәр түбіне кеткен. Ол теңіз жағасынан бұрын-соңды кездеспеген жыртқыш балық тауып алды. Бұл туралы tumba.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

 

Ер адам кеше, 30 тамыз күні теңіз жағасынан жыртқыш балығын көргенін айтады. Оның өлі денесі толқынмен бірге жағаға шығып қалған. Бұл жағдай тұрғынды таң қалдырып ғана қоймай, көкейінде көптеген сұрақтар да туғызады.

"Мен таңырқап, шынымды айтсам қорқып кеттім. Каспийде жыртқыш балықтар қайдан жүр деп ойладым. Мен бұрыннан білемін, мұндай теңіз жануары кездеспейтін. Олар сонда мұнда да тіршілік ете алатыны болғаны ма?", – дейді Ақтау тұрғыны.

Осы ретте Маңғыстау аңшылар мен балықшылар қауымдастығының төрағасы Андрей Тищенкоға тілшілер хабарласты.

"Бұл мақұлық бізге теңіз кемесі арқылы тап болуы мүмкін. Кемелер теңізді және өзенді кесіп өту кезіндегі тепе-теңдікті сақтау үшін өздерімен бірге су алып жүреді. Ол балластта сақталады. Мүмкін сондай кезекті кеме жүзіп өтіп, суын төккен кезде бұл балық та сол кезде бірге түскен шығар", – дейді Андрей Тищенко.

Бұл жағдайға Маңғыстау облыстық экология департаменті де пікір білдірді.

"Мұндай жыртқыш балықтар біздің Каспийде ешқашан жүзген емес. Бұл мақұлықтардың теңізде жүзетіні және бұл аумақта әбден болуы мүмкін бола тұра, тәжірибе жүзінде біз мұндай жағдаймен кездесіп көрген емеспіз. Ол Каспийге кеме арқылы келген болуы мүмкін. Бір жағынан браконьерлер де осындай әрекетке баруы ықтимал. Олар бәлкім бұл жануар тіршілік ете ала ма, жоқ па тексеріп көргісі келген болар. Мәселен 2010-2011 жылдары сондай жағдай болған. Олар акуланы теңізге салып сынап көрген еді, алайда ол аса табысты аяқталмады", – дейді мемлекеттік экологиялық инспектор Бақытжан Зейнелабди.

Инспектор сондай-ақ, жыртқыш балықтың өлімін анықтау үшін балық инспекциясы сараптама жүргізуі мүмкін екендігін айтты.

Тағы да оқыңыздар:

Ақпарат агенттігі Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қазасы туралы хабарлады

Түркия премьері Каримовтің қазасына байланысты көңіл айтты

Ислам Каримов несімен ел есінде қалды? (фото)

Отандық саясаттанушы Өзбекстанда билік ауысуының ықтимал үш сценариін атады

Алматыдағы барахолка маңында өрт шықты (фото, видео)

Астанада Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты негізгі сот отырысы басталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1239677-aqtau-turghyny-tenhiz-zhaghasynan-buryn-s/