Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық журналист Жазира Жаппарқұлды "Алтын жүрек" ұлттық сыйлығымен марапаттауды ұсынды

Опубликовано:

Танымал тележурналист Алмат Әбдіраман Рио Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған зілтемірші Жазира Жаппарқұлды "Алтын жүрек" ұлттық сыйлығына лайық деп ұсыныс тастады деп жазады NUR.KZ.

Журналист бұл ойын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жеткізді.

"Алтын жүрек" ұлттық сыйлығына Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұлды ұсынсақ. Себебі мемлекет тарапынан берілетін қаржылай сыйлықты тиын-тебеніне дейін науқас сіңлісін емдеуге жұмсау екінің емес, он адамның бірінің қолынан келмейді. Алла разы болсын! Өз ойым", - деп жазды желі қолданушысы.

Бұл ұсыныс өзгелердің  де көңілінен шыққан сияқты.

Естеріңізге сала кетейік, Риодан елге жүлдемен оралған тұңғыш қазақ қызы  мемлекеттен берілетін сыйақыны түгелімен науқас жиенінің еміне жұмсайтынын жария еткен. Бұл зілтемірші жанкүйерлерінің сүйіспеншілігін оятып, тіпті спортшының бұл әрекетін көпшілік ерлікке теңеді.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Қытай барлығын да ауқымды жасай алады (видео)

ОҚО-да барлық тірлікті аяғымен істейтін кісі қайырымды жандардың қолдауына зәру (видео)

Бір ай бұрын жоғалып кеткен алматылық бойжеткен әлі табылмай жатыр (фото)

Кәрім Мәсімовтің спорттық киімі елді тағы да күлкіге қарық қылды (фото)

Автобустағы барлық жолаушылардың жолақысын төлеп берген шымкенттік азамат жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1241742-otandyq-zhurnalist-zhazira-zhapparquld/