Ақтөбеде абақтыда мұсылмандарға намаз оқытпаған жігіттің бостандыққа шыққанда басы бәлеге қалды
Опубликовано:
Ақтөбе қалалық сотында тағы бір шулы істің тыңдалымы болып жатыр. Түрмеде мұсылман жігіттерге намаз оқытпаған жігіттің бостандыққа шыққанда басы бәлеге қалған деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.
Сотқа шағым түсірген оның айтуынша, кезінде өзі түрмедегі мұсылмандарға намаз оқытпағаны үшін бостандықта жүрген бауырлар қысымға алған. Олар оны қорқытып, ірі көлемде ақша талап еткен. Айтуынша, төрт жігіт соққыға жығып, 5 млн теңге сұрағанда өз өмірі үшін қорыққанынан екі бөлмелі пәтерін солардың атына аударып беремін деп жалынған.
«Олар мені машинаға отырғызып, Абай көшесіндегі пәтерлердің біріне апарды. Машинаның рөлінде отырған сақалды жігіт: «Ты знаешь кто я такой? Я Артур, смотрящий за Кандыагаш. Просто сиди тихо. Сейчас мы поговорим» деді. Сол жерде аяқ қолымды, ауызымды скотчпен байлап тастады. Қалтамдағы екі телефон мен құжаттарымды алып кетті», - деген жәбірленуші тергеуде берген жауабында.
Шағымданушы сотқа дейінгі жауабында «Артур» есімді күдіктінің есімін бірнеше рет атағанымен сот кезінде оның атын ауызына да алған жоқ. Басты күдіктілердің бірі ретінде танылған Артур қамауға да алынбаған. Қазір күдіктілердің қатарында тек үш жігіт отыр.
Судья тарапынан «Сізге қысым көрсетуді ұйымдастырған Артур ма?» деген секілді бірнеше нақтылау сұрағы қойылғанымен жәбірленуші ол туралы ештеңе айтқан жоқ.
Арызданушы түрмеде жазасын өтеу кезінде өндіріс секторында төраға қызметін атқарған. Ол өзі қатарлас сотталушыларға жұмыс бөліп беріп отырған. Ол сол кезде сотталғандар арасындағы намаз оқитын топқа кедергі келтіргенін айтты.
«Намаз оқығанда уақыт кетеді. Мен рұқсат берген жоқпын. Оған аталмыш мекемеде рұқсат берілмеген. Олар намазды кешкі бос уақыттарында оқи алады. Мен дін жолындағы жігіттерге намаз оқытпағаным үшін шыққанды қысымға алды», - дейді жәбірленуші.
Қазір жәбірленушінің өзі өміріне төнген қауіптен сақтану үшін күзетпен жүр. Судьядан күдікті ретінде ұсталғандарды босатуды бірнеше рет жалынып сұрады.
Тағы оқыңыздар:
Ерболат Беделхан "өзін гейлерді қолдайды" деп қауесет таратқандарға жауап берді
Бақытбек Есентаевқа қандай айып тағылғаны жария етілді
Ресей Кейкі батырдың басын алдағы 2 аптада қайтаратын болды
Бір түнге 50 доллар: АҚШ-та киіз үйлер жоғары сұранысқа ие (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1243097-abaqtyda-musylmandargha-namaz-oqytpa/