Данияр Елеусінов сал ауруына ұшыраған балаларға 10 млн теңгесін аударатын болды
Опубликовано:
Оралда салынып жатқан оқушылар және жастар сарайынан Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығы ашылады. Осы орайда облыс әкімі Алтай Көлгіновтің Елеусіновке сыйға берген 10 млн теңгесі қайырымдылыққа жұмсалатын болды деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл туралы Данияр мен оның әкесі, жеке бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Елеусіновті қабылдап, құрмет көрсеткен облыс әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.
Алтай Көлгінов Елеусінов пен оның әкесі әрі бапкері Марат Елеусіновтің әрқайсысына 10 млн теңгенің сертификатын табыс етті. Данияр сол бойда алғысын білдіріп, осы қаржыны сал ауруына ұшыраған мүгедек балаларға көмек ретінде «Бәйтерек» қорына аударатынын жеткізді.
Құрметті мейман әкесімен бірге бұдан кейін туған жері Қазталов ауданында болып, кездесулер өткізеді. Сондай-ақ 10 қыркүйекте қала күніне орай Оралда өтетін велошеруге қатыспақшы.
«Бізді осылайша қарсы алып, құрметтеп жатқан жерлестеріме ризамын. Бұдан былай да әуесқой бокс бола ма, әлде кәсіпқой бокс бола ма, қайсысында болсын, ел сенімін ақтай беруге тырысамын. Кәсіпқой боксқа ауысатыным жөнінде хабарлар жарияланып, сұрақтар қойылып жатыр. Бұған байланысты айтарым, ұсыныс баршылық. Бірақ біз әлі шешкен жоқпыз», - деді Данияр Елеусінов ҚазАқпарат тілшісіне.
Тағы оқыңыздар:
Лилия Рах пен сыбайластары 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін
Алматыда қоқыс жәшігінен ер адамның кесілген басы табылды (фото, 18+)
Жігіттер неге отау құрмай «жүріп» алады?
Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды
Исекешев Астана Автокөлік жолдары басқармасының басшысын кептеліс үшін жұмысынан қуып жіберді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1244068-daniyar-eleusinov-sal-auruyna-ushyragha/