Өзінен он жас кіші үнділікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы ақыры Үндістанға қайтып оралды (фото)
Опубликовано:
Үнділікке тұрмысқа шыққан қазақ қызына Үндістанның Сыртқы істер министрі Сушма Сварадждың өзі визасын ұзартуда қол ұшын созды. Үндістанға қайтып оралған Жанна Шалабаева министрге ерекше алғыс білдірді. Бұл туралы tribuneindia.com сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
Делиде жексенбі, 11 қыркүйек күні 34 жастағы Жанна Шалабаева 24 жастағы күйеуі Тину Джанграмен бірге Үндістанның Сыртқы істер министріне жолығып қайтты. Үндістанда туристік визасы 31 шілдеге дейін ғана жарамды Жаннаға министр Сушма Сварадждың өзі визасын ұзартуға көмектескен. Жас жұбайлар сол үшін министрдің ресми резиденциясына барып, оған алғысын білдірді.
"Мен 31 шілдеге дейін еліме қайтып оралғаныма қарамастан, виза мәселесі бірден шешімін тапқан. Министрдің көмегінің арқасында визам ұзартылды", - дейді Жанна Қазақстанға қысқа сапарынан қайтып оралғаннан кейін.
Жас жұбайлардың визаны ұзартуда қиындықтарға тап болғаны жергілікті басылымның назарына ілікен болатын. Тоғызыншы шілде күні жария етілген мақаланы елдің министрі байқап қалған. Ол виза мәселесін шешіп беретінін мәлімдеп, өзінің Твиттердегі парақшасында жазба қалдырыпты.
Бүгінде министр өзінің берген уәдесінде тұрып, отбасының бірге болуына септігін тигізді.
Виза мәселесі туындағаннан кейін көп ұзамай Жанна еліне қайтып оралғысы келетінін айтып, біраз уақыт Қазақстанда болғаны хабарланған еді.
"Ол отбасымен кездескісі келіп, өз үйіне барып-қайтуды ұйғарды. 15-20 күннен кейін Үндістанға қайтып оралуы мүмкін", - деген болатын Жаннаның күйеуі Тину.
Еске салсақ, бұған дейін алты тіл білетін қазақ қызы өзінен он жас кіші үнділікке тұрмысқа шыққаны хабарланған. 29 мамыр күні Жанна Үндістанға келіп, Тинумен Тохана ғибадатханасында некесін қияды. Неке қию рәсімі үнділік жораларға сай өткен.
Жанна жаңа отбасында бақытты екенін алға тартқан.
"Мен осында екеніме бақыттымын. Күйеуім мен оның жақындары маған түсіністікпен қарайды. Менің жолым болды", - деді Жанна.
Ал Тину болса, алты тіл білетін көзі ашық қызға үйленгеніне қуанышты. Ол таяу арада Жанна үнді тілін де үйреніп алады деген үмітте.
Тағы да оқыңыздар:
Астанада Құрбан айттың мерекелік намазына 45 мың мұсылман жиналды (фото)
Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Нұрсұлтан Назарбаев мерекеге орай Астанадағы «Әзiрет Сұлтан» мешiтiне келді
Головкиннің келесі жекпе-жегі шамамен қай уақытта өтетіні белгілі болды
Қазақстан құрамасы Риодағы Паралимпиададан екінші медальді қоржынына салды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1248188-ozinen-zhas-kishi-undilikke-turmysqa/