Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл тұрғыны сотталып жатыр
Опубликовано:
Еліміздің солтүстігінде "Қазақстанның қалалары мен көше атауларын қазақшаға өзгертетін болса референдум өткіземіз" деп бастама көтерген азамат сотталып жатыр деп хабарлайды 31 арна.
Қазақ атауларына қарсы шыққан 37 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны. Ұлтаралық және дінаралық араздық тудыртып, сепаратистік бастамалар көтергені үшін енді ол заң алдында жауап беретін болады.
Сотта айтылғандай 37 жастағы Игорь Чуприна 2014 және 2015 жылдары өзінің "Bконтакте" әлеуметтік парақшасында халық арасындағы алауыздықты тудыратын жазбаларды үнемі үздіксіз жариялап отырған.
Әсіресе, Петропавлдағы ауылдар мен көше атауларының қазақ тіліне өзгеруіне қарсы болып, "Вконтакте" парақшасында өзіне жақтастар іздеген. Аталмыш жазбалар көптеген желі қолданушыларының наразылығын тудырған.
"Менің "Ояныңдар, референдум" дегені қатты жаныма батты. Мен бұны өзіме ұлттық қауіп ретінде қабылдадым", - дейді куәгер Данияр Әбжикеев.
Тағы оқыңыздар:
Қазақстанда жарылып кететін Samsung смартфонына тыйым салынды
Сүйікті футболшыларын көрген жанкүйер 45 минуттан соң қайтыс болды (фото)
Жасы 70-ке келгенде немересіндей қызды тоқал қылған Амантай қажы күлкіге қалды
Дариға Назарбаева өзін президенттің мұрагері санамайтынын айтты
Ринат Зайытов отбасылы болса да, өзінің қызқұмар екенін мойындады (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1253851-qazaq-ataularyna-qarsy-shyqqan-petrop/