Марғауды құтқарып қалған Қарағанды тумасының әрекеті әлем жұртшылығын сүйсіндірді (видео)

Опубликовано:

12 қыркүйек күні Калининград қаласында жол бойында қалып қойған марғауды құтқарып қалған Қарағанды тумасы әлем жұртшылығын сүйсіндірді. Бұл туралы "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Видеода жолды кесіп өте алмай тұрған марғаудың бірнеше рет көлік астынан аман шыққанын байқауға болады. Талай жүргізуші бұл жайтқа мән бермей зуылдап өте бергенде, жалғыз ер адам жол бойына тоқтап, марғауға қол ұшын созған.

«Пежо» көлігінде отырған азамат қатты қорқып қалған жануарды өз көлігіне отырғызып, алып кетеді. Кейін белгілі болғандай, мысыққа жанашырлық танытқан тұрғын Қарағандыдан 20 жыл бұрын Калининградқа көшіп келген  Денис Дегтярев екен.

"Ол қозғалмай жатқанда, мен тірі қалмаған шығар деп ойладым. Балаларым тезірек құтқар деп шулап кетті. Барсам, тірі екен. Марғау бүгінде өз қожайынын тапқан", - дейді ол.

Бір қызығы Денистің игі ісіне Daily Mail басылымынан бастап  The Washington Post басылымына дейін назар аударған.

The Washington Post "Қанша көлік зулап өте бергенде, бір ғана адам тоқтады" деген тақырыппен мақала жария еткен. Шетелдік басылымдар Қарағанды тумасының адамгершілігіне тәнті болғандарын жазуда.

Тағы оқыңыздар:

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын паш етті (фото,видео)

Украина Ресейдің ТМД-ға төраға болуына қарсы шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет плей-оффқа шықты

Қызылордада әскери қызметкер көшеде талып жатқан қызды өлімнен алып қалды

Ертегідегідей өмір: Тоқтар Төлешов шалқып өмір сүру үшін қанша қаржы жұмсаған

Бір креслода отырған Атамбаев пен Путиннің суреті желіні жарды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1254901-marghaudy-qutqaryp-qalghan-qaraghandy-t/