Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дубайда араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы тойының қызықсыз өткеніне өкінді

Опубликовано:

Араб жігітіне күйеуге шыққан қазақ қызы үйлену тойының қалай өткенін баяндап берді деп жазады Qamshy.kz.

Айару Әлимен шет ел компаниясында жұмыс істеп жүргенде танысқан. Нәзік те талдырмаш келген қазақ қызының жүрегін ливандық жігіт бірден жаулап алады. Айаруға да кішіпейіл, жуас жігіт ұнайды. Сөйтіп екеуі шаңырақ көтеруді ұйғарады.

Ата-анасы жалғыз қызының өмірлік серігін тапқанына қуанды. Айару бірнеше шет тілін меңгерген. Әлимен ол ағылшын тілінде сөйлеседі. Жас жұбайлардың тойы Дубайда өтті. Айаруға бәрі ұнады, тамаша қала, жаңа отбасы, бірақ қазақтың тойына не жетсін?

- Менің төркінімнен ең жақын деген төрт-бес адам ғана барды Дубайға. Әлидің әке-шешесі кезінде жеке бизнесін жүргізу мақсатында Ливаннан Дубайға көшіп барған. Қазір жеке кәсібі бар. Бізге үй алып берді. Бірақ мен Дубайда тұрғым келмейді. Өйткені, онда қазақи атмосфера жоқ. Тойымыз қанша дүбірлеп өтсе де қазақтың тойындай болмады. Тойымды Дубайда емес, Алматы, Астана, Тараз, Шымкент сияқты шаһарлардың бірінде жасамағаным-ай деп әлі күнге өкінемін. Қазақ еліндегі үйлену тойының артықшылығы ең алдымен адам санының көптігінде. Әли екеуміздің тойымызға елу шақты қонақ қатысты. Ал Қазақстанда жасасам, ең аз дегенде екі жүз кісі келер еді ғой.

Екіншіден, шет ел азаматының үйлену тойы болған соң беташарсыз өтті, әрине.

Үшіншіден, күйеуім еуропаланған араб болған соң менен шығыс елдеріне, қазақ дәстүріне сай әдеп нормаларын (мәселен келін шай) т.б. дәстүрлі ғұрыптарды атқаруды талап етпеді. Қазақ ортасындағы той жақсы көңіл-күй, әдемі салт-дәстүрге тола. Ал Дубайда өткен менің үйлену тойымда ұлттық нышандар аса байқалмады. Әрине, көп сыйлықтарға кенелдік. Дегенмен қазақтың тойына жетпейді.

Ақпарат құралдарына кейбір қалталы қазақтардың үйлену тойларын Дубай сияқты алыс шет ел шаһарларында өткізетіні туралы естимін. Басқалар қызығуы мүмкін. Бірақ менің айтарым, жарқыраған шаһар, әсем ғимараттар болмаса ол жақта қазаққа керек нәрсе жоқ. Менің ол жақта тұрғым келмей, Алимен бірге Қазақстанға келуіміздің себебі осы, - дейді Айару.

Бүгінде екі баланың анасы атанып отырған Айару құрбылары шет елге көшуге қанша үгіттесе де отбасы үшін ең қолайлы мекен Қазақстан екенін айтты. Балалары төрт тілде сөйлейтінін мақтан тұтқан Айару күйеуінің отбасындағы рөлі туралы да айтып берді.

"Али екеуміз бір мекемеде жұмыс істейміз. Үй шаруасын да бірге істейміз. Мен тағам әзірлегенді ұнатамын. Кейде үйге кеш келсем де ертеңгі ұжымдағы отырыс үшін тәтті тағамдар әзірлеуге кірісемін. Али сондай кезде маған торт, бәліштер пісіруге көмектеседі. Бірде біздің ұжымда мереке болатын болды. Мен үйге кешкі 8-ден кете келдім. Ертеңгі мерекеге үлкен торт және шығыс тәттілерін әзірлемек болды. Али да "шаршадым" деп, жата қалмай, тортқа керек мәзірлерді әзірлей бастады. Екеуміз таңға дейін ұйықтамай ас әзірледік. Ұйқымыз қанбаса да, ертесіне әріптестерімізді қуанттық. Ол Дубайда тұрғанда мейрамхана меңгерушісі болған. Сондықтан тағам әзірлеудің шебері", - дейді ол.

"Балаларыңды қай тілдегі мектепке бересіңдер?" деген сұраққа Айару былай деп жауап берді." Екі балам да төрт тілде түсініп, сөйлей алады. Отбасында Алимен көбінесе ағылшынша сөйлесеміз. Ал балаларымызды шет тілдерін тереңдетіп оқытатын мектепке бергіміз келеді".

Араб азаматымен шаңырақ көтерген Айару бос уақытында іс тігумен айналысады және кітап оқығанды жақсы көреді.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық шенеунік несиесін қайтара алмай жүрген тұрғындарды мәдениетсіз деп атады

Қырғызстандық жігіт өзінің қарт әкесін зорлап тастады

Ресейлік теннисшіге орысша ұрандатқан қазақ жанкүйерлері қатты ұнап қалды

Ішкі істер министрі Павлодарда соққыға жығылған ауыл тұрғындары туралы ауыз ашқан жоқ

Палестиналық жігіт зарыға іздеген анасын Меккеден тауып алды

Танымал футболшы бүкіл өмірін исламды тануға арнамақшы

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1257248-arab-zhigitine-turmysqa-shyqqan-qazaq-q/