RU

ОҚО-да рулас қарындасын зорламақ болған жігіт бүтін ауылды дүрліктіріп отыр (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Атақоныс ауылының тұрғындары жаппай бұзақылық жасады. Тұрғындардың айтуынша, оған қыз зорлау әрекеті себеп болған.

Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шымкенттік журналист Анар Сүлеева Атақоныс ауылының 31 жастағы тұрғыны рулас қарындасы, 6-сынып оқушысын зорламақ болғанын хабарлады. Яғни, қой бағып жүрген жасөспірімге жігіт жақындап, күшпен зорламақ болады. Абырой болғанда, қыз қашып құтылады.

Үйіне жылап келген қыз кейінірек ата-анасына болған жайды айтып берген. Ата-анасының айтуынша, бұл жағдайдан кейін олар ауылдың үлкендерін жинап, мән-жайды өзара шешпек болады.

Алайда жігіттің анасы ашынған халыққа "баратын жеріңе бар, полицейіңнің құны бір жылқы..." деп қаны басына шапқан тұрғындардың одан бетер ашуландырады. Қыздың ата-анасы құзырлы органға шағымданғанымен, ондағылар жігітті босатады.

Тұрғындардың айтуынша, ол жігіттің қыздарға зорлық көрсетпек болған әрекеті алғаш рет емес екен. Бұған дейін бірнеше әрекетке оқталған оны халық отбасымен ауылдан қоныс аударуын талап еткен. Сөйтіп жаппай бұзақылыққа барған. Жігіттің үйін қиратып, өртеген.

Ал қазіргі таңда бұзақылық жасағандардың үстінен іс қозғалып отыр екен. Атақоныс елдімекені кіретін Ошақты ауылдық округінің әкімі Сейдахрам Естаевқа мән-жайды білу үшін хабарласқанымызда, демалыстан жұмысқа бүгін кіріскенін айтып, орын алған жағдайды растады.

"Енді бұл жағдайдан кейін ауыл халқы жаппай көтеріліп, бұзақылық жасаған. Ол енді бұзақылық әрекеті ғой. Құқық қорғау қызметкерлері іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Тәртіпсіздік болған күні мен ол ауылға бардым. Халықтың талабы - жігітті отбасымен ауылдан көшіру болатын. Ол талап орындалды. Аталған отбасы ауылдан көшті", - деді ауылдық округ әкімі.

Алайда халық ол отбасының әлі күнге дейін ауылда тұратынын айтып, ашынып отыр. Журналист Анар Сүлеева жігіттің анасы баласына "әр үйдің бір қызын астына салып беремін" деп тұрғындардың жанына бататын сөз айтқанын жеткізді.

"Соңғы кездері педофилдер туралы қоғамда аз сілкініс болып жатқан жоқ. Сонда, қыздың зорланғанын күтіп отыруымыз керек пе? ҚР ҚК-інде зорлауға оқталды деген бап бар. Кішкене ғана бүлдіршін ондай жағдайды қайдан білсін? Егер, зорлауын күтіп жүрсек, зорламады деп азғындарды жазаламасақ біздің заңымыздың солқылдақтығынан қара халық қашанғы жәбір көру керек? Атқа мінерлер істің ақ қарасын ажыратудың орнына жылы жабуға тырысып бағып, халықтың жағдайы емес жылы креслосымен қоштасуды көбірек ойласа бізге әкім қарарлар неге керек", - деп жазды журналист желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыздар:

Ресейлік ғалым исламның христиан дінін қашан қуып жететінін айтты

ОҚО-да өз тойларына асыққан жас жұбайлар жол апатынан қайтыс болды

Шымкентте безбүйрек ана 5-6 айлық шаранасын кәріз жүйесіне тастап кетті (фото)

Балконға шыққан бойжеткен еркектерді қызықтырып қойды (видео 18+)

Қазақстанда 60-тан астам террорлық әрекеттің жолы кесілген

Сәкен Майғазиев атақ алуға келгенде пендешілікке бой алдырғанын айтты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1259948-oqo-da-rulas-qaryndasyn-zorlamaq-bolgh/