Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы (фото)

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы психоневрологиялық әлеуметтік мекемесіне тоғытылғандар құдды африкалық тұрғындарды еске түсіреді. Тағдырдың жазғанымен жүйкелерінде ауытқулары пайда болған олардың кейде тырдай жалаңаш жүретін кездері де болады.

Науқас ұлының жағдайына алаңдаған ана өңірдегі NUR.KZ тілшісіне осылай деп дабыл қақты.

Ордабасы ауданының тұрғыны Лаура Сардарбекованың тұңғыш ұлы былтырғы жылдың сәуірінде Түркістандағы психоневрологиялық мекемеге жатқан. Аудандық әлеуметтік сала мамандары ұлы арнаулы мекемеге жатпаса, ертең оқыс оқиғаның орын алып қалу қаупі барын ескерткен. Қызының тағдырына алаңдаған ана шарасыздан келісім берген. Тек екі аяғымен мекемеге барған ұлы Нұрсұлтан бүгінде өздігінен жүруден қалыпты. Тіпті сөйлеуі де нашарлап кеткен.

«Баламды он бес-он алты жылдай өзім қарадым. «Балпақтай» ұлым бүгінде жиырма келіге дейін азып кетті. Оған жиі барып тұрамын. Тек қана менің ұлымның емес, ондағы өзге науқастардың да жағдайлары мүшкіл. Далада қатқан нан теріп жүреді. Тырдай жалаңаштанып жүргендерін де талай көрдім. Шағымдануға дәлелім болсын деп суретке де түсіріп алдым... Жейтін тамақтары кәдімгі жуынды секілді. Біз тіпті итке де ондай тағам бермейміз», - деп ашынған Лаура Сардарбекова аталған мекемеде жатқан 500-ге жуық науқастың әрқайсысына мемлекеттен қаржылай көмек төленгенімен, жағдайлары ол қаржыға тіптен сай келмейтінін алға тартты.

«Менің ұлым мемлекет қамқорлығына алынған. Естуімше, ай сайын 45 мың теңге көмек беріледі. Ол науқастың қажеттілігіне жұмсалуы тиіс. Менің ұлым сияқты науқастарға да мұндай көмек беріледі. Алайда оның қайда кетіп жатқанын білмеймін. Мекеменің басшылық қызметкерлері зәулім үйлер мен тойхана салып алған...», - деді науқастың анасы.

Сонымен қатар Сардарбекова осыдан екі апта бұрын облыстық прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроға шағым түсіріпті. Айтуынша, құзырлы мекемедегілер әзірге қимылдай қоймаған. Одан бөлек ақыл-есі кем науқастың анасы ұлын көруге барғанда ондағылар шамамен 45 минуттан соң перзентін көрсететінін, бұл аралықта қызметкерлер науқасты әбден жуындырып, киіндіріп шығатынына сенімді.

Ескертусіз мекемеге бір рет кіріп барған ол талмасы ұстаған ұлының денесі көк ала қойдай екенін көріп, тіпті шошып кеткен. Бұл жағдайды мекемедегілер науқас талмасының ұстауымен байланыстырыпты. Ол аз дегендей, Сардарбекова аталған мекемеде туберкулез дертінің ашық түрімен ауыратындардың жататынын және барлық науқас бірге тамақтанатындықтан, ол дертті ауа арқылы өзгелер де жұқтырады деп алаңдайды.

Жүйке жүйесінде ауытқулары барларға арналған әлеуметтік мекеме қызметкері де бұл жағдайды растап отыр. Тек аты-жөнін айтқысы келмеген қызметкер былай деді:

«Мен ол жерде адал қызмет етіп жүрмін. Таза жалақымды аламын. Ол жақтағы науқастардың жағдайлары тіптен қорқынышты. Онда таза коррупция өршіп кеткен. Неге? Себебі науқастарға мемлекеттен берілетін қаржылай көмек бар ғой. Оны сот шешімі бойынша науқастардың қамқоршысы (опекун), яғни, мекеме директоры алады. Көмекті киім мен тамаққа жұмсалды деп шығарады. Олар жемқорлықпен кетіп жатыр. Бізде І-топтағы мүгедектер 45 мың теңге, ІІ-топтағылар 34-35 мың теңге алады».

Портал тілшісіне осылай деген қызметкер өз сөзінде бүкіл елді дүрліктірген «Маржан Тұрлыбаева» оқиғасын да қозғап кетті.

Айтуынша, ақыл-есі кем деп өмір бойына тоғытылып, кейін бірнеше рет жасалған сараптама нәтижесінде дені сау болып шыққан Маржан Тұрлыбаева да дәл осы мекемеде жатқан. Маржан отандық бағдарламалардың бірінде түркістандық жындыханадағы біраз былықтың бетін ашып айтты. Министрлік өкілімен әңгімелесу барысында Тұрлыбаева жабық мекемені тексерушілер алдын ала ескертіп баратындықтан ондағы олқылықтардан хабарсыз дейді.

«Айтпай бару керек қой. Айтып барса, әдемілеп, кілемді жайып, құда күткендей күтіп алады ғой. Беретіндерін беріп... Ол үшін айтпай бару керек», - деп қынжылды Маржан Тұрлыбаева.

Мекеме қызметкері сөз соңында өзі еңбек ететін ортада жемқорлықтың жең-ұшы белең алғанымен, оған тоқтау болар адамның табылмай отырғанына қынжылды.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Тағы оқыңыздар:

Отандық танымал тұлғалардың тоқалдары

Тоқаев: Алматы облысында үш ағайындының мал үшін өлтірілуі - қасірет

Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр

Ақтөбелік дәрігер "Дипломмен ауылға" барып аяусыз зорланған бойжеткеннің қазіргі жағдайын айтып берді

"Әйел бақытына" келген транссексуал елдегі ерлердің 90%-ы бисексуал деп айды аспанға бір-ақ шығарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1265075-oqo-da-aleumettik-mekemege-toghytylgha/

pixel