Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аудан прокурорының «сөз түсінбейтін топастарға» арнаған әні хитке айналды

Опубликовано:

Қарағанды облысында аудан прокуроры «сөз түсінбейтін топастарға» арнаған өлеңін ғаламторға жария етті деп хабарлайды КТК арнасы.

Бала кезінен өлең жазумен әуестенетін Осакаров ауданының прокуроры Берік Ахметжанов айналасындағы сатқын адамдарды шайтандарға теңеген. Енді оның шығармашылығын ішкі қауіпсіздік басқармасы талдауға кірісіпті.

Сотталғандардың тілін жетік меңгерген Берік Ахметжанов арамызда сатқындар көп екенін ескертеді. Айтуынша, оларды басып-жаншып, көзін құрту керек. Төбесіндегі елтаңбаға қарап оның шабыты жұмыс орнында ұстағаны байқалып тұр.

«Талантты» прокурор шығармашылықпен қатар, спортқа да икемі бар екен. Қара күштің арқасында зілтемір көтеруден Азия чемпионы да атанған. Сегіз қырлы жігіттің қылығында кереғарлық бар жоғын облыстық прокуратураның ішкі қауіпсіздік басқармасы тексереміз депті.

Айтпақшы, жас та болса тек басшылық қызметтерде жүретін Берік Ахметжанов Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың туған інісі.

Видео авторы: ©today.kz

Тағы оқыңыздар:

Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы (фото)

Отандық танымал тұлғалардың "тоқалдары"

Баян Есентаева бір фильмде екі еркекпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаеваны жақтап шықты

Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр

Шымкенттегі мектеп қоршауына ілінген мүшеқап жұрттың жағасын ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1265240-audan-prokurorynynh-soz-tusinbeytin/