Тоқал болғысы келетіндер қай жерлерді жағалап жүреді?
Опубликовано:
Қазақстанның тоқалдары өзіне "егде жастағы қамқоршыны" қай жерден табады деген сауал қоғамды қызықтырғанымен, оны ешкім ашық сұраған емес. NUR.KZ порталы бұл ыңғайсыз сұрақтың жауабын іздеп көрді.
Сонымен, тоқал болғысы келетіндер келесі жерлерді жағалап жүретін болып шықты: сұлулық салондары, массаж кабинеттері, велнес-клубтар, спортзалдар. Себебі, қалталы азаматтар өз келбетіне әйелдерден қалыспай мән береді. Ондағы қызметкерден бастап, келушілерге дейін қалталылардың тоқалы болу мүмкіндігіне ие.
Егде жастағылар өзіне сұлу тоқалды іздейтіндіктен, олар сұлулық байқауларына көз салып отырады. Сұлулық байқауынан көзге түскендердің қалталыларға тоқал атанып отырғаны елімізде таңсық болмай кеткен. Байқаудан бөлек сән агенттігіндегі арулар да бай азаматтардың көзіне түсіп жатады.
Сол себепті, ата-аналар қызын сән агенттігіне берген кезде, оны әбден тексеріп алғаны жөн. Болмаса, қызы бұрыс тоқалдық жолына түсіп кетуі әбден мүмкін.
Клубтар, пабтар мен барлардан ер азаматтар әйелдерді ұзақ қарым-қатынас үшін іздемейді. Осы орайда ондай жерлерден тоқалдардың табылуы екіталай. Қалталылар жұмыс орнынан да өздеріне тоқал қарастырады. Тоқалы атанған бойжеткеннің лезде мансабы жоғарылап, жалақысы көтеріледі.
Оның өзінде бойжеткен басшының көзіне жиі түсетін қызметтерде болуы тиіс. Мәселен, хатшы, кеңсе менеджері, басшының жеке ассистенті, бөлім басшысы тағысын тағылар.
Жабық кештерге шақырылып жататын әншілер мен актриасалардың да тоқал атану мүмкіндігі бар. Әлеуметтік желілер де қалталы азаматтардың назарын өзіне қаратуға жақсы мүмкіндік береді. Кезінде тоқалдарды ашық іздеуге арналған сайттар болатын. Алайда олардың ғұмыры ұзаққа созылмады. Бүгінде ашық "қалталы қамқоршыларды" іздейтін форумдар бар болғанымен, онда "люкс" санатындағы тоқалдар мен шалқыған бай ерлерді жолықтыру екіталай.
Тағы оқыңыздар:
Ауқымды делегациямен Бас прокурор келер алдында Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды
Қапшағайда сарбазды ұрып өлтірген командир қамауға алынды
Рүстем Әбдірашев "Қазақ елі" фильміне қатысты ащы шындықтың бетін ашты
Көліктен шықпай дәрет сындырған алматылық полицей жұмысынан қуылды
Алматылық қария 80 жасында өзінен екі есе кіші сүйіктісінен балалы болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1267833-elimizdinh-erleri-toqaldy-qay-zherlerd/