Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз қуудың жаңа түрін ойлап тапқан алматылықтар жаға ұстатты

Опубликовано:

Үйреншікті қыз қуу дәстүрін өзгертіп жіберген алматылықтар жаға ұстатты. Қызды қуып жеткен ер адам онымен жыныстық қатынасқа түсе алады. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Шарт бойынша жігіт пен қыз көлікте отырып жарысады. Егер ер азамат оны қуып жете алмаса, келісілген соманы ұстатуы тиіс. Ал қуып жеткен жағдайда, ол көліктегі арумен төсек ләззатына бөлене алады.

Осылайша ұлттық қыз қуу дәстүрін танымастай өзгертіп жіберген Шума лақап атымен белгілі алматылық жігіт жастар арасында бұл қауіпті ермек түрін таратып үлгерген.

"Бастапқыда түнгі жарыстарға тек ер балалар қатысатын. Тіпті әйел затын маңайлатудың өзін дұрыс деп санамайтынбыз. Алайда бір күні көркінен көз сүрінер ару жарысқа қатысқысы келетінін айтып қалды. Біз бас тартып едік, мен қуып жеткенімен төсек ләззатына бөленемін деп кесіп айтты. Ал қуып жетпеген жағдайда, 100 доллар бересіңдер деген шарт қойды. Бәрінің көзі жанып кетті. Әйелді жеңе салу түкке тұрмайды деп ойладық. Алайда ол алты рет жігіттерді басып озды да, кетіп қалды. Одан кейін екі апта бойы ол келеді деп күттік. Келгенінде бәріміз онымен жарысуға ниет білдірдік. Ол арамыздан алты жігітті қарсылас етіп таңдап алды. Ақыры үшінші жігітке ұтылып, онымен ағаштар арасына оңашаланып кетіп қалды", - деп есіне алды Шума.

Шуманың сөзіне сенсек, осыдан кейін өзге арулар да қыз қуудың жаңа түріне қатысудан кет әрі болмаған.

"Кейбірі бас тартып жатқанымен, оңай келісе салатындар да бар. Қыздар ақысын өздері қояды, ал қызығушылық танытқан жігіттер жарысып көреді. Бүгінде бес бойжеткен тұрақты түрде жарысуға келіп тұрады. Тіпті Астанадан арнайы келіп, қатысқан бойжеткен де бар. Ол екі ретінде де жеңіліп қалды. Ал бұл ісіміз үшін сынайтындарға көңіл аудармаймыз. Себебі, сыйақысы біз үшін көз қызықтырарлық", - дейді жігіт.

Полина Белованың материалынан аударылды

Тағы да оқыңыздар:

Тоқал болғысы келетіндер қай жерлерді жағалап жүреді?

Назарбаев қазақша сайрап тұрған балалар үйінің түлегіне риза болды

Отандық БАҚ транссексуалға "төрін ұсынған" ұлттық арнаны сынға алды

Жамбыл облысындағы аудандардың бірі ішімдіктен толықтай бас тартқан

Саудагерлер үш ағайынды сиыр сатамын деп ажал құшқан базардағы қарақшылар тобы жайлы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1268454-qyz-quudynh-zhanha-turin-oylap-tapqan-alm/

pixel