Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гуантанамо түрмесінің бұрынғы тұтқыны Семейдегі өміріне шағымданды

Опубликовано:

Батыс басылымдары Қазақстанға қоныстануға жіберілген, бірақ жат ортаға әлі бейімделе алмай жүрген Гуантанамо түрмесінің бұрынғы тұтқынының Семейдегі өмірін сипаттаған.

Бұл туралы Азаттық жазады.

Ұлыбританияның Guardian газеті халықаралық келісім бойынша Қазақстанға реабилитациядан өтуге жіберілген Американың әскери түрмесі – Гуантанамоның бұрынғы тұтқыны Лутфи Бин Әлидің тағдырын сипаттаған.

Тунисте туған Лутфи Бин Әли 2001 жылдың аяғында Ауғанстандағы «Әл-Қаида» террорлық ұйымының содырларымен байланыста болған және жихадшылардың Тунистегі бөлімшесінің мүшесі болған деген айыппен Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында ұсталғаннан кейін Гуантаномо түрмесінде 13 жыл қамауда отырған.

Лутфи Бин Әли өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, Пәкістан мен Ауғанстанға қалыңдық іздеп әрі 10 жылдан аса тұрған Италиядағы «сот орындарымен ұсақ-түйек проблемалары» реттелгенше күте тұру үшін барғанын айтады.

АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі Гуантанамо түрмесін жабуға уәде еткеннен кейін тұтқындардың көбін туған еліне немесе өзге мемлекеттерге жіберуге тырысып жатыр.

2014 жылдың аяғында АҚШ пен Қазақстан арасындағы келісімге сәйкес және халықаралық Қызыл Крест комитетінің бағдарламасы бойынша Лутфи Бин Әли мен тағы төрт тұтқынды Қазақстанға жеткізген.

Йемен азаматы екеуін Семей қаласына, ал тағы бір тунистік азамат пен екі йемендікті Қызылордаға жіберген. Төрт айдан кейін Қызылордадағы йемендіктердің бірі ауырып, қайтыс болған.

«Кейде [Лутфи Бин Әлиге] қазіргі көрген күні қаталдығымен танылған түрмеде өткізген 13 жылдан да сорақы емес пе деген ой келеді. Қазақтың түз даласында жападан-жалғыз оқшауланып қалған 51 жастағы тунистік Гуантанамодан босағаннан кейінгі өмірі түрмедегі өмірінен титтей де жақсарған жоқ деп санайды» деп жазады Guardian.

Жүрек дертіне шалдыққан Лутфи Бин Әли Қазақстанда жүрегіне бірден операция жасайды деп үміттенген, бірақ оның айтуынша, операцияны биылғы жылдың басында ғана жасаған. Ол Қазақстанға келгелі аздап орысша үйренген, бірақ жергілікті тұрғындар онымен сөйлесуге қорқады. Құжат атаулыдан оның қолында босқын мәртебесін сұраған тұлғаға берілетін куәлік ғана бар, сондықтан ол қаладан шыға алмайды.

«Лутфи Бин Әли кейде [Гуантанамо тұтқынының] қызғылт сары түсті бірыңғай формасын киіп, аузын жабысқақ лентамен желімдеп, өзге бір жаққа ауыстырғанға дейін бас алаңға шығып аштық жариялағысы» келетінін айтады. Бірақ бұл әрекеті үшін Қазақстан түрмесіне түсуі мүмкін әрі «мұны біреу-міреу елей қоюы екіталай» деген оймен мұндай амалға бармайды.

«Қазақстандықтардың оған не себепті секемденіп қарайтынын түсінуге болады. Өткен аптада шыққан есеп 2009 жылдан бері түрмеден босағандардың тоғызы әскерилендірілген құрамалар қатарына өткенін көрсетті, ал ешқандай сот процесінің болмауы ресми тұлғалардың нағыз террористерді жаңсақ ұсталған адамдардан ажыратуын қиындатады» деп жазады Guardian.

Тағы оқыңыздар:

Моншада жүрген келіншек үйіне түскен ұрыны жалаңаш қуа жөнелді

Атырау облысында қайын сіңлісін балағаттаған келіншек ұятқа қалды

Премьер-министр Тасмағамбетов пен Маминнің міндеттерін бөліп берді

 

Отандық БАҚ Баян Есентаеваға күйеуінің соққысы сабақ болмағанын жазды

Халықтың қоқан-лоққысынан қорыққан "91" тобы Ақтөбеге келмей қалды

"Қазақстан" ұлттық арнасына жаңа басшы тағайындалды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1269201-guantanamo-turmesininh-burynghy-tutqy/

pixel