Оңтүстікте күтпеген жерден қар жауып, ауа-райы күрт бұзылып кетті
Опубликовано:
Оңтүстікте үш күннен бері ауа райы қатты суытып, тұрғындарды әбігерге салды. Кеше ғана жаздық жейдемен журген тұрғындар, жылы киімдерін киюге мәжбүр болды деп хабарлайды "ТВК" арнасы.
Қазан айының алғашқы күндерінде сынап бағанасы күндіздің өзінде +11, +13 градусты көрсетті. Синоптиктердің айтуынша, ауа райының қатты салқындауына Төлеби ауданына қарасты Шуылдық станциясына жауған қар себеп болған. Онда биіктігі 10 см қар жауған. Биыл сол станцияға өткен жылмен салыстырғанда жауын шашын 15 күнге ерте түскен. Оның өзіндік себептері де бар дейді синоптиктер.
Метереологтардың айтуынша, тау басына жауған қар бүгін толық еріп бітуі тиіс. Демек бұл ауа райының қайта жылуына ықпал етеді. Алайда айдың ортасында күн райы қайта салқындауы мүмкін. Бұл - синоптиктердің болжамы.
Синоптиктер өңір дихандарына астықты ай ортасына дейін жинап алуға кеңес берді.
Тағы оқыңыздар:
Қазақстан тұрғындарының табысы күрт азайып кеткен
"Орда" тобының әншісі Ләйлә Сұлтанқызын жақтап, қазақ халқын "жауыз" деп атады
Астанада отбасылы жігітке ұл туып берген тоқалды бәйбішесі үйінен қуып шықты
Головкин мен Альварестің жекпе-жегінен $300 мың пайда түсуі мүмкін
Нұрсұлтан Әбішұлы Ақмола облысында дене шынықтырудан сабақ беріп жүр
СПИД-тен құлан-таза айығып кеткен тұрғын дәрігерлерді таңырқатты
Қарағандылық азамат итке бола Ресей тұрғынын өлтіріп тастады
Ақтөбеде бұрынғы полицей жол апатын жасап, бір адам қайтыс болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1272751-onhtustikte-aua-rayy-kurt-suyp-10-sm-qar-t/