Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алты жасар қызды зорлаған күдікті бала кезінде өзі де зорлық көрген

Опубликовано:

Ақтауда алты жасар қызды аяусыз зорлаған ер адамның ақыл-есі орнында деп танылған. Күдікті туралы тың ақпараттар белгілі болды. Бұл туралы "31 арнаға" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Баланы зорлады деген күдікпен қамауға алынған ер адамның өзі зорлық құрбандарының бірі дейді оның қорғаушысы Намиг Велиев. Айтуынша, бала кезінде күдіктіге шизофрениямен сырқат өгей ағасы көп тиісетін. Бүгінде 32 жастағы күдіктінің бес жасар ұлы мен әйелі бар. Қамауға алынғанына дейін жеке тасымалмен айналысып келген.

Адвокаты күдікті камераластарынан қысым көргендіктен, істі мойнына алды деп отыр. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлайды.

"Істі мойнына алмасаң, жанұяңа зәбір көрсетеміз деп, қорқытып үркіткен. Тұрғылықты мекенжайын, әйелінің жұмыс орнын, тіпті баласының қай балабақшаға барып жүргенін біліп алыпты", - дейді Намиг Велиев.

Қазір прокуратураға тиісті шағым жіберілген. Күдіктінің отбасы тәулік бойы күзетілуде. Қылмыс жасалған күні ол тасымалдаумен айналысып жүргенін айтқан. Іс материалдарына сәйкес шынында күдікті 1-ші шағынауданда болған. Бұл жерге клиентті әкеліп, кейін теңіз жаққа бет алған. Жол бойы дәрет сындыру үшін тоқтағанын айтады.

Ал зорлық көрген сәби осы жерден табылды. Айыпталушы теңіз жақтан клиент отырғызып, қалаға қайттым деп ант-су ішіп отыр. Бұл сөздерін растайын куәгерлер де бар. Көлігінде баланың болғанын айғақтайтын заттар жоқ. Тек генетикалық сараптама барлығын жоққа шығарып отыр. Адвокат оның қорытындысы бұрмаланған дейді.

Еске салайық, күдікті зорлық, адам ұрлау және кісі өліміне оқталу баптарымен айыпталып отыр. Кінәсі дәлелденсе, 25 жыл жаза арқалауы мүмкін.

Ал сұмдық оқиға 20 тамыз күні Ақтауда орын алған. 6 жасар сәбиді әлдекімдер ұрлап әкетіп, азаптап зорлаған. Дәрігерлер оның өмірі үшін әлі күнге күресуде. Астанадағы ана мен бала орталығында емделіп жатқан сәбидің халі ауыр.

Тағы да оқыңыздар:

Ыстамбұл әуежайына жақын маңда жойқын жарылыс болды

Қостанайда ақшаға қызыққан күдікті зейнеткерді аяусыз өлтіріп тастады

Назарбаев алғашқылардың бірі болып Путинді туған күнімен құттықтады

Қостанайда шенеунік 300 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталып қалды

«Алматы-1» теміржол вокзалы маңында метро стансасы салынады

Ольга Рыпакова ресми түрде Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1276815-alty-zhasar-qyzdy-zorlaghan-kudikti-bal/