Ақтөбеде ер адам көшедегі қыздарды қуып жүріп, төсек қатынасына шақырған (фото)
Опубликовано:
Ақтөбе қаласының тұрғындары өздері көрген жантүршігерлік оқиғаны әлеуметтік желіде баяндады. Көшеде кетіп бара жатқан қыздарға тиісіп, жыныстық қатынас ұсынатын ер адам туралы оқиғаны куәгерлер «Aktobe_ zello» парақшасына жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.
Жаға ұстарлық жағдайды айтқан қыздар тұрғындарға абай болуды ескертеді.
«№30 және №25 мектептің арасында өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, өзін ыңғайсыз ұстайтын ер адам жүр. Біз оның құрбаны бола жаздадық. Сағат 5- тер шамасында «Жастар» аялдамасына қарай құрбым екеуіміз өтіп бара жатқан болатынбыз. Қолына насыбай ұстаған жігіт бізге тап берді. Қолымнан ұстап алып, аузына келгенді айтып, жыныстық қатынас ұсынды. Біз оны алдап қашқымыз келгенімен, ол біздің соңымыздан қалған жоқ. Полицияға төрт рет қоңырау шалдық. Олар қай жерге бару керектігін білмеді. Құрбым полицияға қайта қоңырау шалып жатқанда әлгі ер адам оның соңынан қуды. Біз қатты қорықтық», - дейді оқиға туралы баяндаған тұрғын.
Оқиға куәгерлері бейтаныс ер адамның көзі қанталап тұрғанын айтады. Олар жол бойындағы патрульдік полиция көлігіне мініп, қашып құтылған.
«Ол адамды үйіне апарады, оған басқа ешқандай шара қолданбайды. Ондай адамдарды қоғамнан аластату керек емес пе? Ол жерде мектеп оқушылары мен студенттер көп жүреді. Өте қорқынышты, біз әлі күнге дейін өзімізге келген жоқпыз. Біз оны суретке түсіріп үлгердік. Ол адам біз полицияға хабарлассақ, колледжге келіп өлтіріп кететінін айтты. Қыздар абайлап жүріңіздер», - дейді оқиға куәгерлері.
Қыздар өздерін қорқытқан адамның суретін әлеуметтік желіге салып, барынша ескертулер жасап жатыр.
Тағы да оқыңыздар:
Қазақ қыздары пәтері мен көлігі бар жігіттерді іздеп жүр (фото)
Сәуле Әбединова: Тепкінің астында өмір сүретін әйелдер - бейшаралар
Ақтөбеде мектеп мұғалімін балағаттаған директор оңбай опық жеді
Ринат Зайытов ақиқат үшін емес, көлік үшін айтысатын әріптестерін сынап тастады
Шымкенттің парақор шенеуніктері кімдер? (фото)
Қазақстандық әйелдің киімі голливуд жұлдызы Деми Мурды тәнті етті
Путин Су-24 атып түсірілгелі бері алғаш рет Түркияға барды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1279396-aqtobede-er-adam-koshedegi-qyzdardy-qu/