Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік оқушы қызға ата-анасына қарсы шығып, намаз оқуға кеңес берген

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Қандыағаштағы мектептердің бірінде оқитын жасөспірім Ақтолқын Романоваға біреулер ата-ана қарсылығына мән бермей, намаз оқуға кеңес берген деп хабарлайды aktobenews.kz.

Ол мемелкетік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының өкілдеріне өзін көптен бері намаз оқу туралы ой мазалайтынын, оқуға үйреніп жүргенінде анасы қарсылық білдіргенін айтып берді.

Ақтолқынға өздерін "хақ жолда жүрміз" деп таныстырғандардың уағызын тыңдаған соң, осындай ой келген. Анасы басында көнгенімен, кейін Ақтөбеде бесінші маусымда болған лаңкестік оқиғадан соң, үзілді-кесілді бас тартып, қызынан ондай "діншілдермен" байланысты доғаруды талап еткен.

"Мені бір ғана сұрақ мазалайды. Намаз деген игі, қасиетті дүние ғой. Егер ол дұрыс жол болса, мен неге ата-анамның рұқсатын алмай-ақ намаз оқи бере алмаймын деп ойлаймын. Мені дін жолына үгіттеп жүрген жандар маған "намаз туралы ойға келгенде ата-ананың пікірін тыңдау маңызды емес" деп кеңес берді. Сіздер маған қандай ақыл айтасыздар?", - деген Ақтолқынның сұрағына жұмыс тобының құрамында келген Маңғыстау облысының имамы Смайыл Сейтбеков жауап берді.

"Дінде ненің дұрыс, ненің бұрыс екені туралы білгің келсе, сауатты имамдарға бар. Көшеден кез-келген адамнан естіп алып, дұрыс екен деп жүру - қате пікір. Ең бірінші сенің міндетің — ата-анаңның ақылын тыңдау, одан кейін мектептегі сабағыңды жақсы оқу. Ал "ата-анаңды тыңдамай-ақ намаз оқи бер" деп сені үгіттеп жүргендер нағыз жат ағымның жетегіне сені ерткісі келетін, өміріңді бұзғысы келетін теріс пиғылды адамдар. Олармен байланыспағаның жөн", — деп жауап берді имам.

Айта кету керек, Мұғалжар ауданында ақ-қарасын айырып алмай, дінге бет бұрған 105 жасөспірім бар екен. Оның он бесі осындай кездесулер, үгіт-насихат жұмыстарынан кейін мектептегі сабағына ден қойған.

Тағы да оқыңыздар:

Сегіз қырлы, бір сырлы шенеуніктер кімдер? (фото, видео)

Қуандық Бишімбаев сұлу қыздарға жанды дауыста ән шырқап берді (видео)

Жақып Асанов Қарағанды облысының прокурорларын жаппай отставкаға жіберді

Депутаттар пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтарып алуды талап етті

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі өзін жұмыстан шығарғандармен соттасып жатыр

Серік Ибрагимов 500 адамға дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1282061-oqushy-qyzgha-bireuler-ata-ana-qarsylygh/