Алматыда ашуға булыққан әйел тоғыз жастағы қызын өлімші етіп сабап тастады

Опубликовано:

Алматы полицейлері тоғыз жасар қызды аямай сабаған анасынан арашалап қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 жастағы келіншек 4 сынып оқитын қызын көптен бері ұрып-соғып келген.

Қыз баланың таяқтың астында қалғанын көрші әйел хабарлаған. Алматы қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімі жетекшісі Лейла Әліпбаеваның айтуынша, көршіден түскен хабардан кейін тәртіп сақшылары мекенжай бойынша үйге барған.

«Үйде келіншектің өзі жоқ екен. Қызын сыртынан қамап кеткен. Құтқару қызметінің мамандарын шақырып, құлыпты бұзу туралы шешім қабылданды. Баланың жағдайы өте нашар болуы мүмкін, сондықтан біз кешіктірмеу туралы шешім қабылдадық. Шындығында, қыз баланы әбден ұрып-соққан. Жедел жәрдем қызметі оның денесінің көгергенін анықтады. Дәрігерлер оның қауіпсіздігі үшін дереу ауруханаға алып кетті. Қазіргі уақытта оған: жәбірленген, миы шайқалып, еті көгерген деген диагноз қойылып отыр», - деді ол.

Полиция қызметкерлері жалғызбасты келіншектің осыдан бірнеше ай бұрын тәртіп сақшыларының назарына іліккенін де жеткізді. Балаға дұрыс қарамағаны үшін сол кезде Әкімшілік кодекстің 127-бабы бойынша жауапқа тартылған. Сол уақытта полиция толық емес отбасының жағдайын Алмалы ауданы әкімі аппараты жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша құрылған комиссияның қарауына жолдаған.

«Ол кезде қызына қол көтергені дәлелденбеген болатын. Қызын ұрып-соғуды жақында бастаған деп те айта алмаймыз. Комиссия сол кезде әйелге психолог дәрігерге қаралуға кеңес берген. Енді уақыт өзі көрсетіп отырғандай, келіншектің оған жасалған ескертуден ешқандай нәтиже шығармағанын көріп отырмыз. Қазіргі уақытта аталған қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Т есімді келіншек қылмыстық процессуалдық кодекстің 128-бабы бойынша уақытша тергеу изоляторына қамалды. Заңда көрсетілген процессуалдық мерзімде ол сотқа тапсырылып, алдағы уақытта оның абақтыға қамалу мәселесі шешіледі. Осы орайда, дер кезінде хабарлаған көршілерге алғыс білдіреміз. Ауруханадан жазылып шыққаннан кейін қыздың алдағы уақыттағы тағдыры талқыланатын болады. Біз әйелді ата-ана құқынан айыру мәселесін талап етеміз», - деді Әліпбаева.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда жасы 60-тан асқан әженің ұзатылу тойы желіні жарды (фото, видео)

Ұлынан айырылған аналар сотқа келген Күлекбаевтың әйеліне бас салды (видео)

Қырғызстанда қалыңдық қалыңмалын алып, қашып кетті

Туған қызын пышақтап өлтірген қостанайлық әке жұртты шошытты

Қытайда үш көзі және екі тұмсығы бар торай дүниеге келді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1287475-almatyda-ashushanh-kelinshek-toghyz-zhasta/