Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада тойға туыспын деп кіріп кеткен бейтаныс ер адам қонақтарды тонап кеткен (фото)

Опубликовано:

Астанада той кезінде тағы да ұры пайда болды. Тойға туыспын деп кіріп кеткен бейтаныс ер адам той қонақтарының заттарын ұрлаған.

Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Алексей Иваныкин Астанада белгісіз ер адамның оны той кезінде тонап кеткенін айтып, жазба қалдырды.

"Қорқынышты жайт болды. Қолымнан айырылғандаймын. Кеше кешкісін телефонсыз қалдым... Тойда маған костюм мен көзілдірік киген ер адам келіп, өзін жас жұбайлардың ағасымын деп таныстырды. "Нұр Отанда" жұмыс істеймін, билікте таныстарым көп деп мақтанған ол менен қоңырау шалу үшін телефонымды сұрады. Өзінің телефонында батареясы отырып қалыпты-мыс. Оған сеніп беріп едім, ізім-ғайым жоқ болды", - деп мән-жайды түсіндірді Алексей.

"Кейін ол өзге той қонақтары секілді көңіл көтеріп, тіпті тойды басқарып жүргенін білдім. Көбі оны туысқандардың бірі деп ойлаған. Ол, тіпті бейнебақылау камераларынан да қорықпаған. Оның фотосын бірге жария етемін. Мен телефонымды қайтарып алғым келеді. Ондағы байланыс нөмірлері мен фотолар мен үшін өте маңызды", - деп жазған Иваныкин.

Еске салсақ, Астанада бұған дейін де тойда ұрлық жасау жағдайы орын алған болатын. 

Тағы да оқыңыздар:

Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясы басшылығына қайта сайланды

"Қазақстан" ұлттық арнасы өз эфиріне шығару үшін трансвеститтерге ақша берген

Баян Есентаева өзінің тегін өзгертпейтін болды

Қазақ қызы тойда дастарханға шығып би биледі (видео)

Қазақстанда жұма күнгі жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды

Жиында «Айфонның» қызығына кіріп кеткен ОҚО әкімінің орынбасары ел аузына ілікті (видео)

Ямал аймағында болған тікұшақ апатынан екі Қазақстан азаматы мерт болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1292465-astanada-toygha-tuyspyn-dep-kirip-ketk/

pixel