Қазақ қызы туған бөлесіне тұрмысқа шығудан қалай бас тартқанын айтып берді
Опубликовано:
Алматылық Жания есімді қызды өзінің туған бөлесі ұнатып қалып, оған сөз салған, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Жания портал тілшісімен басынан өткен бірегей оқиғамен бөлісуге келісім берді.
Жанияның анасы көп балалы отбасында дүниеге келген екен. Осыдан бірнеше жыл бұрын басқа қалада тұратын әпкесі отбасымен Алматыға қоныс аударады. Жаңадан көшіп келген бөлесі алғашында Жаниямен туысқан ретінде араласып келген. Артынша оны ұнатып қалады.
«Бөлемнің өзімді ұнатып қалғанын байқадым. Ол сөз салып жүрді. Әйтсе де, менің туған бөлеме тұрмысқа шығуға дәтім бармады. Имамдарға жүгініп, әкелері бөлек туыстардың бас қосуы шариғатқа қайшы келмейтінін де білдім», - дейді Жания.
Алайда Жания бұл қадамға баруға бата алмағанын айтады.
Жания бұл шешімін: «Қанша жерден шариғатта рұқсат болса да, оған баруға батылым жетпеді. Мұндай жағдай қазақтың салтында ешқашан болмаған деп білемін. Қазақта жеті атаға жетпей үйленбейтін жазылмаған қағида бар. Ал өзге түркі тілдес елдердің өзінде мұндайға жол беріледі. Мен қан тазалығын бұзбаймын деп шештім», - дейді ол.
Бүгінде екі бөле өз теңдерін тауып, шаңырақ көтерген.
Тағы да оқыңыздар:
Алматыда белгісіз біреулер банкке шабуыл жасап, күзетшінің қаруын тартып алды
Жанат Бақыт: Ене келінін қызындай көреді деген сөз шындыққа жатпайды
Ақтөбеде 12 жасар қыз оныншы қабаттан секіріп кетті (фото)
Қытай студенті қазақ әндеріне тәнті болып, қазақ тілін үйренуге кіріскен (видео)
Мақпал Исабекова күздің суығына қарамай тағы жалаңаштанды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1294300-qazaq-qyzy-tughan-bolesine-turmysqa-shy/