Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде жоғалған сырқат жігіт төрт айдан бері табылмай жатыр (фото)

Опубликовано:

Өскеменде төрт айдан бері сырқат жігіт табылмай жатыр. 24 жастағы Тоқтар Мұхтаров даун синдромы дертіне шалдыққан екен. Бірақ сырқатына қарамай екі көзден бірдей айырылған зағип анасының қолғанаты болыпты. Оны іздеуге тіпті әскерилер мен еріктілер де тартылғанымен, науқас жігіттен әлі хабар-ошар жоқ.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Даун синдромымен туылған Тоқтар қала шетіндегі үйде анасымен және 16 жастағы қарындасымен тұрған. Екі көзінен бірдей айырылған шешесіне отын тасып, көмір, суын кіргізіп көмектесетін. Күнде кешкісін серуендеп келетін әдеті бар екен. Шілденің оны күні көшеге шығып кеткен ол анасына телефон шалып, адасып қалғанын айтыпты. Ауру бала қаланың нақты қай жерде тұрғанын сол күйі түсіндіре алмаған.

"11:38-де хабарластым балама. Үш минуттай сөйлестім, балам әлі жылап тұр. Мама: «Мен әлі қараңғыдамын» дейді. Ол жерден адамның не машинаның дауысы шықпайды. Қай жерге түсіп кеткенін де білмеймін. Содан бері ұлымды әлі іздеп жүрмін. Көргендер болса, әкеліп беріңіздерші", - дейді Тоқтар Мұхтаровтың анасы Жанжагүл Мұхтарова.

Анасының айтуынша, сол күні ол Тоқтармен түн жарымға дейін байланыста болған. Соңғы рет тұтқаны бейтаныс ер адам көтеріп, шешесімен дөрекі сөйлесіпті. Артынша телефонды мүлдем сөндіріп тастаған. Содан бері еш хабар жоқ.

"Бала жоғалған жер бірнеше рет сүзіліп өтілді. Бұл сүзгіге Ұлттық гвардияның жүзден аса әскери қызметкерлері жұмылдырылып, осы жерлердің барлығы іздестірілді. Дегенмен іздестіру шаралары бүгінге шейін оңды нәтиже берген жоқ", - дейді ШҚО ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев.

Іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатқанымен, Тоқтардың тірі екендігінен үміт аз дейді тәртіп сақшылары. Анасы болса ұлымды біреулер құлдықта ұстап отыр ма деген болжам айтады. Қандай да бір хабарға зар болған әйел көзі көрмесе де күн ұзақ терезеге телміріп отыр.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстандық азамат 1989 жылғы пепси бөтелкесін 34 мың теңгеге сатпақшы (фото)

Қазақстандық қариялар Алматының ең көрікті жерлерін аралады (фото)

Мұхамеджан Тазабеков Данияр Елеусіновті "cалафит" деп қаралағандарға жауап берді

Мәдениет министірін айыптаған режиссерге сот 1 млн теңге айыппұл салды

Павлодар облысында ер адам тірідей өртеніп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1295363-oskemende-zhoghalghan-syrqat-zhigitti-za/

pixel