Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бердібек Сапарбаев өзіне жағымпазданып, тілек айтқан депутатты орнына қойды

Опубликовано:

Ақтөбеге келген парламент мәжілісінің депутаттары көшпелі отырыс өткізді деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Жиында, сөз алған парламент мәжілісінің депутаты Ақтөбе табиғатының тамаша екенін Бердібек Сапарбаевқа тамсана айтты.

«Мен Атыраудың қызымын, Ақтөбеге келгенде табиғат тамаша болып көрінді. Сондықтан сізге рахмет. Ақтөбеде қалдық заттарды, Елек өзенінің жағдайы туралы елбасымен кездесуде өзіңіз мағыналы түрде айтып өттіңіз. Сізге береке, елімізге тыныштық, жұмысыңызға жақсылық тілеймін. Менің сауалыма жауап бермей-ақ қойыңыздар. Бәрібір қазақша жауап ала алмаспын. Дегенмен де осы кодексті жасарда ескерерсіздер, Ақтөбе жұртшылығымен бірге өздеріңізге бір мәселені қамтығым келіп тұр. Инвестиция тарту мен шетелдік инженерлік компаниялардың қамтуда қандай тың әрекеттеріңіз бар? Жер қойнауын пайдаланушылар қоршаған ортаға залал келтірмейтіндей тиісті нормалар қарастырылу қажет секілді», - дейді мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова.

Бердібек Сапарбаев депутат мақтауының орынсыз екенін, өңірде экологиялық ахуалдың бар екенін айтып түсіндірді.

«Бақытгүл жаңа «ауада иіс жоқ» деп айтты. Бірақ, иістен проблема бар. Онымен айналысып жатырмыз. Сондықтан менде жер қойнауларының ластануына қатысты өтініш бар. Көкжиде тек Ақтөбе үшін ғана емес Атырау облысы үшін де пайдалы. Көкжиденің жағдайы шешілсе, Маңғыстау облысының ауыз су проблемасы толықтай шешәледі. Сонымен қатар, Шалқар көлін сақтап қалу проблемасы тұр. Жергілікті билік тарапынан ауаны таза ұстап тұры үшін тиісті шараны қабылдап жатырмыз. Облыстың экологиялық қауіпсіздігі үшін биылғы жылы 1 млдр 100 миллион теңге бөлінді. Қалдық заттарды өңдейтін зауыт құрылысын бастадық. Аймақты көгалдандыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр», - деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс басшысы Ақтөбеге келген қонақтарға қауіпсіздіктің сақталғанын айтып, теракт оқиғасына алаңдамауын ескертті.

Тағы оқыңыздар:

Шамына тиетін сұрақ естіген партия хатшысы журналистің "жанын шығармақ" болды

Бүкіл елдің алдында абыройы төгілген ақтөбелік шенділер қоқан-лоққы жасауға көшті

Ақмола облысының бұрынғы әкімі Ұлттық пантеонға жерленетін болды (фото)

Алматыда қымбат фотоаппаратымен жоғалып кеткен жігіт 12 күн бойы компьютер клубында ойнап отырған

Жақсыбеков әдепсіз мемқызметкерлер қызметінен қуылатынын кесіп айтты

Обама Ердоғанға өз ақылын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1298558-berdibek-saparbaev-ozine-zhaghympazda/