Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Шалқарда садақаға келген әйелдер дастархандағы сарқытқа таласып қалды

Опубликовано:

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында садақаға келген жұртшылық дастархандағы сарқытқа таласып, ұятқа қалды.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Марқұм болған адамның садақасында дастарханды жайнатып қою еліміздің батыс өңірінде сәнге айналған. Аяқ астынан болған өлімнің өзінде садақа дастарханы самсап тұрады. Имамдар мен молдалар бұл жағдайдың қате екенін бірнеше рет ескерткенімен, ысырапшылдық жойылған жоқ. Бірнеше түрлі салат пен торттың сан аулан түрін қоятын садақа дастарқанынан жеміс-жидек те түскен емес.

Атышулы Шалқар ауданына садақаға барған Ақтөбе тұрғыны өзі көрген оқиғаны баяндады.

«Жақын туыстарымыздың бірінің 9-сынып оқитын баласы көз жұмыс, көңіл айтуға бардық. Аяқ астынан болған жас өлім болған соң туыстарымыздың қайғысына ортақтастық. Садақаға жайылған дастархан таңсық тағамдармен самсап тұрды. Жағдайы жақсы тұратын адамдар. Дегенмен, жас өлім болып жатқанда дастарханды кім сынай қояр дейсің. Үйіндегілер жылап, қайғырып жатқанда тамақ ішіп отыру да ыңғайсыз. Бірақ ол ауылдан ыңғайсызданған әрекетті байқадым. Көңіл айтып келген ауыл тұрғындары еш қымсынбастан күбірлеп әңгімелесіп, шайларын ішіп отырды. Тұрып бара жатқандарында дастархандағы барлық нәрсені салып алады екен. Пакеттерін өздерімен бірге ала келеді. Көргенде шошып кеттім», - дейді атының жасырын болғанын қалаған тұрғын.

Айтуынша, сөмкесінен бірнеше қалтаны шығаратын қонақтар салатты бөлек, тамақты бөлек салып алады екен.

«Шынашақтай бала өліп жатқанда ыңғайсыз екен...Садақаға келген адамдар сарқытты бөлісіп алғандары оғаш көрінді. Бір апа алдындағы үстелде құрма бітіп қалған соң қолын созып, артында отырғанардың үстелінен алды. Сол жерде отырған бір келіншек «Дым көрмедің бе?» деп қолындағы құрманы жұлып алып еді, құрманы түсіріп алған келіншек оны басынан қойып қалды. Екеуі кәдімгідей садақаның үстінде жұлқыласып қалды. Көрген көзге ыңғайсыз. «Күнде жеп жүргеніміз емес. Жаңсық тамақ болған соң балаларға апарып берейін дегем, о несі ей?», - деп бұрқылдап отырған әйелдің сұрағанын басқа бөлменің дастарханынан әкеліп берді. Олар мұндай жағдайларға үйреніп алған сияқты. «Шалқарда осындай» деп жүре береді», - дейді Шалқарға барып келген тұрғын.

Ол қазір көп адамдардың садақадан сарқыт алуды әдетке айналдырып жібергенін айтты.

Тағы оқыңыздар: 

Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай сотта жылап жіберді (видео)

Әкесі - судья, күйеуі - шенеунік. Қайрат Мәмидің қызы немен айналысады?

Отандық футболшы айына миллиондап жалақы алғаны үшін қысылмайтынын айтты

Украина орыс тіліндегі басылымдарға жаппай тыйым салмақшы

Ресей Қазақстанға Тайсойған полигонының біраз бөлігін қайтарып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1303397-atyshuly-shalqar-qalasynda-sadaqagha-ke/