Бақытбек Есентаев өзінің кінәсіз екендігін мәлімдеді
Опубликовано:
Алматы облысында сот Бақытбек Есентаевты кінәлі деп тауып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырды. Алайда адвокаттар сот шешімімен келіспейді және үкімге қарсы шағым түсірмек.
«Сот үкім шығарды. Біздің қорғалушы кінәлі деп табылып, тоғыз жылын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Жыныстық қылмыстар бойынша ол ақталып шықты», - дейді BNews.kz тілшісіне Есентаевтың адвокаты Бекболат Жексейітов.
«Біз үкімді негізсіз деп санаймыз, Ол заңсыз сотталды. Біз қорғалушымыздың әрекетінде өлтіруге оқталу болмады деп санаймыз. Өзге қылмыстың белгілері ғана бар. Біз аппеляциялық шағым түсірмекшіміз», - дейді адвокат.
Бақытбек Есентаев соттағы соңғы сөзінде ештеңеге кінәлі еместігін мәлімдеді деп жазады Today.kz. Баян Мақсатқызы мен оның балалары үкім оқылар сәтте сотта болмады.
Бұған дейін Баян Мақсатқызы үкімге қатысты өз пікірін білдірген болатын.
Еске салсақ, 3 қараша күні сот Бақытбек Есентаевты тоғыз жылға қатаң режимдегі колонияда бас бостандығынан айырды. 10 маусым күні Құлжа тасжолының бойында Баян Есентаеваны күйеуі ауыр соққыға жығып, пышақтап тастаған болатын.
Белгілі болғандай, Бақыт Есентаев сол күні мас болған. Ол уақытша оқшаулағышқа қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша әйелін өлтірмек болды деп күдіктелген.
Есентаев бастапқыда өз кінәсін мойындады. Көп ұзамай Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешіргенін мәлімдеген болатын.
Тағы оқыңыздар:
Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды
Бұрын жеті жылға сотталған экс-министр бүгінде талай адамға өмір сыйлауда
Бір күнде 18 еркекке қызмет көрсеткен қазақ қызы секс-құлдықта болған азапты күндерін баяндады
Қазақстандық инженер Forbes-тегі бай-бағландардың қатарына енді
Миллиондап жалақы алатын футболшылардың айлық табысына не алуға болады? (фото)
Қазақ журналисі "Алматы аренаның" Нью-Йорктағы кешеннен де асып түсетінін айтты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1305287-baqytbek-esentaev-ozininh-kinasiz-eke/