RU

Күйеуін көңілдесімен ұстап алған әйел не істеу керектігін білмей, елден ақыл сұрады

Өмірлік жарын өзге әйелмен ұстап алғаны үшін оңбай таяқ жеген қазақ қызы Құралай Ханымнан ақыл сұрады деп жазады ikerim.kz.

"Мен күйеуімнен 9 жас кішімін. Ол 27-інде, мен 18-імде бас қостық. Екеуіміз де орта семьядан шыққанбыз. Екеуміз 1-ай сөйлесіп жүрдік. 1-айдан соң ол мені оқу жақтан алып қашып кетті. Содан ұлды болдық. Мінезі бар. Қатал адам болды. Қорқатын едім. Сөйлеуге қорқатынмын. Кейін ұра бастады... Үнімді шығармай ата-анамның мықты тəрбиесінің арқасында таяқ жеп жүре беріппін ғой. Жұмысқа шығармады", - деп хатын бастады келіншек.

Әйел күйеуін көңілдесімен ұстап алған.

"Бір күні жұмыстан келмей қалды. Таңғы 4-те біреу жұлқып оятқандай болды, тез телефонына хабарласқан едім көтермеді. Одан үй телефонымен звондап едім, жауабы басылып кетіп, оның біреумен жатқанын 4 мин 48 секунд естіп тұрдым. Сол күні күндізгі 12-де келді. Келген соң шыдамай айқайға бастым. Жыладым, еңіредім. Ол мені аяусыз сабап тастады. Тағы да таяққа жықты. Жылай -жылай көзімнен жас та шықпай қалды. Сол кезде жолдасым басқа қалаға жұмыс бабымен ауысып кетті", - деп жалғастырды әйел.

Келіншек "қайтып келген қыз" атанғысы келмейтінін алға тартты.

"Телефонынан жүретін қызы бар екенін жазған смс-терін, бəрін оқыдым. Оған звондап, ашумен айтатынымның бəрін айттым. Күйеуіме де ашынып айтпаған сөзім қалмады. Ол белбеумен өлгенше сабады. Кеткен жоқпын. Себебі үйіме қайта барып «қайтып келген қыз» атанғым келмейді… Ағайын-туыстың алдында ата-анамның төмен қарағанын қаламаймын", - деп ойын түйген келіншек Құралай Ханымнан әрі қарай не істеуге болатынын сұрады.

"Ерлі-зайыптылардың арасындағы осындай ұрыс-керіс, ырың -жырыңның кесiрi балаларға тиеді. Берекетсiздiктiң салдарынан — балалар ауырады. Ауырмаса да, бүкіл болашақ өміріне мың түрлі комплекстi үйіп беремiз. Бала болашағын ойлап, өз мінезіңдi өзгертiп, өс! Өзгер!", - деп ақылын айтты Құралай Ханым.

Материалдың толық нұсқасын ikerim.kz сайтынан оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Қазақша мақтан: Жігіттер кредитке той жасап, ата-анасының үйін кепілге қоя бастады (фото)

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңге жымқырғанын мойындады

Қазақстаннан Ресейге кетіп қалған 12 жасар шахматшы қызға пәтер берілді

Қазақ қызы ерлердің журналы үшін жалаңаштанып суретке түсті

Ислам тыйған күнәдан бас тартқан адамдардың әлпеті қалай өзгерді?

Шымкенттік жігіт отбасылық проблемадан құтылу үшін көпірден секірмек болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1305748-kuyeuin-konhildesimen-ustap-alghany-ush/