Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттіктердің орысша сөйлегені Қытайдан келген қазақ қызының жанына батты

Опубликовано:

Қытайдан келген қазақ қызы Жаңагүл Бағдатхан тұрғындардың орысша сөйлегені жанына бататынын айтып, ағынан жарылды деп жазады zamana.kz.

Жаңагүл Бағдатхан есімді қыз бүгінде Шым­кенттегі Оңтүстік Қазақстан педагогикалық универ­ситетінде білім алуда. Ол оқуға биыл түскен. Жаңагүлге Шымкент қатты ұнағанымен көңілінен шықпайтын тұстар да бар екен.

«Мұндағылардың көбі өзі таза қазақ бола тұра орыс тілін араластырып сөйлейді екен. Осы жағы маған біртүрлі көрінеді. Ал Қытайда жергілікті халық тек өз тілдерінде сөйлейді. Оларға басқа тілде сөйлесең мүлде жауап қайтармайды. Қазағы көп аумақта тұрып тілді шұбарлап сөйлейтіні жөн емес екен. Бұлай кете берсе тілімізден не қалады? Басқалардың сөздерін қосып шұбар-ала бір нәрсе жасап алсақ, ана тілімізді жоғалтамыз ғой. Меніңше, көп тіл білген дұрыс, бірақ оны сол шет елге барғанда ғана қолданса жетпей ме?», - деп күйінді бойжеткен.

«Алғашында бұл жаққа үйрене алмай қиналдым. Қытайда тамақтың көбі ащы дәмді болып келеді ғой, сондықтан негізінен тамаққа онша үйрене алмай жүрмін. Ал бұл жақтың адамдары ашық-жарқын мінезді екен. Осы бір-екі айдың ішінде ғана өзіме біраз достар тауып үлгердім», - дейді Жаңагүл.

Жаңагүл өзінің Қазақстанда қалғысы келетінін айтады.

«Қазақ елінің дамуына аз да болса үлесімді қосуды армандаймын. Ағылшын тілін жақсылап меңгеріп алсам, ақын-жазушыларымыздың еңбектерін ағылшын тіліне аударсам деймін. Біздің қаламгерлердің туындылары әр елдің кітапхана сөрелерінде тұрса, соған кішкене де болса үлесімді қоссам деген арманым бар» , - дейді ол.

Тағы да оқыңыздар: 

Бердібек Сапарбаев кімнен ақыл сұрап, айлығын қайда жұмсайтынын айтып берді

Қолынан тәспісін тастамайтын Жансейіт Түймебаев жұрт назарына ілікті (фото)

Әсет Исекешев ай сайын миллион теңгеге жуық жалақы алатын болып шықты

Өзбекстан әнұранының авторы АҚШ-та комаға түсіп, қайтыс болды

Алдағы уақытта ОҚО тұрғындарының саны бес млн-нан асып кетуі мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1308631-qytaydan-kelgen-qazaq-qyzy-turghyndar/