Қызылорда облысында әкесі қызын қалың мал үшін шалға тұрмысқа бере салды

Опубликовано:

Қызылорда облысының тұрғыны қалың мал үшін қызын шалға беруге келісті деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Айсұлу қазіргі таңда Астана қаласында тұрады. Сауда орталықтарының бірінде сатушы қызметін атқарады. Ол әкесінің ерсі қылығына шыдай алмай үйінен кетіп қалған.

"Біз отбасымызда көп балалымыз. Сегіз ағайындымыз, 6 қыз, 2 ұл. Мен ортаншы қыздарының бірімін. Жасым 22-де. Менен үлкен 24 жастағы Нұрсұлу әпкемді осы жылдың жазында көрші ауылдың 58 жастағы Аханбек есімді шалы алып қашты. Нұрсұлуды ол кісімен нағашы жеңгем таныстырған еді. Аханбек ағаның жұбайы жүрек ауыруынан қайтыс болып, 5 баламен жалғыз қалған еді. Аханбек аға - сол ауылдағы жеке шаруашылығы бар бай кісілердің бірі. Бірақ мен бұл жағдайлардың бәрінен бейхабар едім" - деп өз әңгімесін бастады Айсұлу.

Айсұлу әпкесін үйге бола егде жастағы азаматқа тұрмысқа бере салғанын айтуда.

"Мен мектеп бітірісімен Алматыда тұрдым, оқып, жұмыс істеп үйдегілерге қаржылай көмектесіп тұрдым. Әпкемді алып қашты дегенді естіп, ауылға сол кісілердің үйіне барып жездемді көргенде қалайша сол кісіге бас салып жабысып, жұлқалап, ұрып, айқай шығарғанымды білмеймін. Ең өкініштісі, әкем алып қашты дегенде қарсылық білдірмей батасын берген. Себебі, ол кісі қалың малға әкеме үй сыйлаған. Мен қанша шулап, жан айқайымды білдірсем де маған жақтасқан адам болған жоқ", - деп күйінді бойжеткен.

Айсұлу әпкесінің жағдайынан кейін үйінен кетіп қалған.

"Сұм дүниенің құлына айналған айналған жап-жас қыздың мұңын жақтаған тірі жан болмағаны өзегімді өртеп кетті. Байлыққа құныққан әкеміз ғана бақытты сияқты еді. Шымылдық астында ботадай боздап отырған 24 жастағы Күнсұлу әпкеме бір қарап, бақыттан басы айналған қара шал Аханбек ағаға бір қарап, үйден шығып кете бердім. Содан бері әкемді әлі кешірген емеспін. Отбасыммен мүлде араласпаймын. Жоқшылықтың құны осылай есептелінетінін білмеппін", - дейді ол.

"Әлде, мен бұл жағдайды қабылдап, отбасымды кешіруім керек пе еді?! Әпкем жастық шақтың қызығын көре де алмады, қатарластары сияқты оқу оқып, қыдырып та үлгермеді. Қазір енді күндіз бөтеннің 5 баласын бауырына басса, түнде шалды құшып бақытсыз өмір көруде. Өміріңе ризасың ба деген сұраққа әпкемнің "Басыма жазылған тағдыр осы" дегеннен басқа айтар сөзі жоқ", - дейді Айсұлу.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Тағы оқыңыздар:

Қыздың жүрегін жаулаудың жеті амалы

Кейуананың тойдағы ерекше биі көпшілікті күлкіге қарық қылды

Шетелдік дәрігелер Ақтауда зорланған 6 жасар қызға көмектесуден бас тартты

Алғашқы сүйісу қандай болуы керек?

Сенатор терроризмді ұйымдастырушыларға өлім жазасын енгізуді ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1309139-qyzylorda-oblysynda-akesi-qyzyn-qaly/