Лондондағы қазақ жігіті: Тамыр-танысың болса, Қазақстанда тез байып кетесің
Опубликовано:
Лондонда тұратын қазақстандық Тимур Чигировты көпшілік Facebook арқылы таниды. Ол өзінің L’Officiel Hommes басылымына берген сұхбатында Англияға не үшін қоныс аударғанын және Қазақстан мен Еуропа елдерінің арасындағы айырмашылық жөнінде сөз қозғады деп хабарлайды NUR.KZ.
Тимурдың Лондонда тұрып жатқанына 12 жылдан асыпты. Ол британ үкіміетінің оқу грантын жеңіп алып, магистр дәрежесін алып шыққан. Оқуды тәмамдап, сол елде жақсы қызметте қалып қойған.
Өз сөзінде Тимур британдықтардың менталитетіне үйренудің қиынға соққанын айтады. Ол тіпті, британдықтардың аузынан шыққан сөзі бір басқа, ойлағаны бір басқа, ал істеген ісі одан да бөлек деген қалжыңды растап отыр. Алайда Тимур британдықтардың басқаның жеке өміріне қызықпайтын қасиетін жоғары бағалайды екен.
Ол Қазақстанда да батыстағыдай жақсы өмір сүруге болатынын алға тартады. «Англияда табыс табу оңай ма? Бұл сұрақ талас тудыруы мүмкін. Одан да біздің елде талантың мен қабілетіңе қарамай, тамыр-танысың болса оңай әрі тез байып кетуге болады», - дейді Тимур.
Тимурдың ойынша, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға қадамдар жасалып жатыр, бірақ, 21 ғасырда тек экономикаға ден қоя отырып дамыған елдер қатарына кіру мүмкін емес.
«21 ғасырда экономиканы ғана бірінші орынға қою арқылы дамыған ел атана алмаймыз. Жаңа деңгейге көтерілуіміз қажет. Саяси жаңа реформалар қажет, парламентке көбірек құзірет беру керек, әйелдерді кәсіп пен саясатқа шақыру қажет. Өйткені бәрі бір бірімен тығыз байланысты. Алдын ала болжай алатын тұрақты саяси жағдай қаржылық тұрақтылыққа әкеледі» - деп ой қозғады ол.
Ол қазақстандықтардың бақытты өмір сүруі үшін нендей нәрсенің жетіспейтінін атап көрсетті.
«Азаматтарға өз құқының қорғалуы, қауіпсіздігі, ертеңгі күнге деген сенімділігі қажет. Қазір көпшілігі шетелге көшіп кеткісі келеді. Маған көбінесе, ауқатты, танымал, жағдайы жақсы адамдар жазып тұрады. Бұл қауіпті нәрсе. Елден кететіндер жағдайы нашар адамдар емес, дәл сол кәсібі, мүлкі бар азаматтар. Сонымен ел дамысын десек, адамдар өзін осы жерде керек екенін сезінуі тиіс. Бұл жоғары жалақы беретін, бірақ та оны маман, тұлға ретінде бағаламайтын жұмыс орыны сияқты. Ерте ме кеш пе, жақсы ақша төлесе де, кеткісі келген адам кетеді. Бәлкім аз жалақыға жұмыс істер, алайда ол жерде оны қолдап, бағалай білетін басшылық болады», - дейді лондондық қазақ.
Тағы да оқыңыздар:
Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (фото)
Бұл біздің президент емес: АҚШ халқы Трампқа қарсы жаппай шеруге шығуда (фото, видео)
Лондондағы қазақ жігіті: Тамыр-танысың болса Қазақстанда тез байып кетесің
Павлодарда аса қауіпті педофилді өзге сотталушылардан жасырын ұстамақ
Қыз жасауына қымбат теледидар мен су жаңа көлік алған дұрыс па?
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1312117-londondaghy-qazaq-zhigiti-tamyr-tanysy/