Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қатігез ана 10 жасар ұлын дәретхананың төбесіне түнеткізіп келген

Опубликовано:

Алматы қаласы Алатау ауданында 10 жастағы бала дәретхана төбесіне түнеп жүр. Мұны ауданның қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары анықтаған деп хабарлайды Алматы арнасы.

Безбүйрек ана араққа сылқия тойып, жалдап тұратын бөлмесіне туған баласын кіргізбей қойыпты. Баланы полиция қызметкерлері 2 қарашадан бері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырса да, анасы бірде-бір рет іздемеген.

2 сыныпта оқитын ұл баланың ұстаздары қолайсыз отбасылар қонысын орнын жиі ауыстыратынын айтады. Мұғалімдері соңғы рет келгенде баланың даладағы дәретхананың үстінде түнегенін көріпті. Содан кейін арнайы орталыққа өткізуге мәжбүр болған. Айтуларынша, баланың әкесі жоқ, ал анасы ішімдікке салынған.

«Алатау ауданының әкімшілігінде жиналыс өткен кезде біз баланы алу туралы шешім актін жасаған болатынбыз. Сол кезден бастап анасы баласына келіп, кездесіп сөйлеспеген. 2 қарашада баланы алғанбыз. Баланың әкесі жоқ», - дейді Алматы қаласы Алатау ауданының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің маманы Әнел Молдабаева.

Тағы оқыңыздар:

Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (фото)

Ақмола облысында әкімнің орынбасары өзге қызметкермен жаға жыртысты

Күтпеген жерден ауыл тойына келген Жансейіт Түймебаев көпшілікті таң қалдырды (фото, видео)

Клинтон: АҚШ мүддесі үшін Трамппен жұмыс істесуге дайынмын

Мейрамбек Беспаев 40 жылдық мерейтойында ортаны бермей биледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1312622-almatyda-qatigez-ana-10-zhasar-ulyn-daret/