Семейде қатты боранға байланысты оқушылардың сабағы тоқтатылды
Опубликовано:
Боранға байланысты Семейде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Baq.kz.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қалалық мектептерде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына бүгін сабақ болмайды», - деп мәлімдеді Семей қаласы ТЖБ-дан.
Таңертеңнен бері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына жолдардың жабылғаны туралы СМС-хабарламалар келуде. Ұйытқиған бораннан жол қызметтері жолдарды жауып жатыр.
Синоптиктердің болжамынша, 14 қараша күні Шығыс Қазақстанда қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатады. Сондай-ақ желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с-тан асатынын хабарлаған болатын.
Тағы оқыңыздар:
Еліміздегі ер адамдар жалақысын әйеліне сеніп тапсырудан қорқатын болып шықты
Қазақстандық футболшы "Алматы аруына" үйленді (фото)
Екі айлығында сөйлеп кеткен нәресте көпшілік назарына ілікті (видео)
Маңғыстаудың таңғажайып табиғаты (фото)
Аша Матай қызына екі кіндік шеше таңдап, жұртты таң қалдырды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1315304-semeyde-qatty-borangha-baylanysty-oqu/