Қызылордада қаржыгерлер күні аталып өтілді
Опубликовано:
15 қарашада Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ қаржыгерлерін кәсіби мерекелерімен және Ұлттық валюта-теңге күнімен құттықтады.
Қырымбек Көшербаев өз сөзінде соңғы зерттеулер бойынша, Қызылорда облысының аумағында орналасқан көне бес шаһарда - Жент, Жанкент, Сығанақ, Баршынкент және Өзгентте теңге сарайлары болғандығын атап өтті.
" Бұл – Сырдың бойында ежелден сауда-саттық пен қаржылық байланыстың болғандығын аңғартады. Ал сіздер, құрметті әріптестер, Ұлы Далада ғасырлар бойы қалыптасқан қаржыгерлер дәстүрлерінің ізбасарларысыздар. Біз биыл қаржы - экономика органдарының құрылғанына 95 жыл толғанын атап өтудеміз, оның кейінгі 23 жылында Тәуелсіз мемлекет ретінде төл теңгемізбен жұмыс істеп келеміз. Ел экономикасын дамыту туралы сөз қозғағанда оның күре тамыры – қаржы жүйесін айналып өту әсте мүмкін емес. Себебі, қаржыгерлердің қатысуынсыз ешқандай сала толыққанды қызмет ете алмайды",- деді аймақ басшысы.
Мерекелік шара барысында аймақтағы қаржы саласының үздік мамандары Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
*PR құқында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1318593-qyzylordada-qarzhygerler-kuni-atalyp/