RU

Есікте Жібек Мусинованы жабылып зорлаған жігіттер жазадан құтылып кетуі мүмкін

Алматы облысында топтасып қыз зорлаған 4  жігіттің ісі қайта тергелетін болды. Үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетіп, 5 күн ойланған судьяның шешімі осындай.

Бұл туралы КТК хабарлайды.

Енді онсыз да сағызша созылған сот отырысы қайта жалғасады. Яғни судья сан мәрте сұралған сарапшылардың пікірін тағы бір тыңдап көруді жөн санапты. Ал бұған дейінгі отырыста прокурор төрт айыпталушының әрқайсысына 11 жылдан сұраған болатын.

Есік қаласындағы аудандық сот ғимаратында кеш қарайса да қызу жұмыс қайнап жатыр. Өйткені топтасып қыз зорлаған төрт жігітке үкім оқылады дегенді естіп, қос тараптың та туыстары тайлы-тұяғы қалмай жиналған.

Алайда кешкі сағат 5-те басталуы тиіс сот отырысы талайдың жүйкесін тоздырды. Өйткені үш сағат бойы тар бөлмеге тығылғандар судьяны күтіп әбден діңкелеген. Сот та келе сала ешкім күтпеген шешім шығарып, жиналғандарды таң қалдырды.

"Сот зерттеу жасаған сарапшылардан қайта жауап алу үшін сот тергеуін жалғастыру туралы ұйғарым жасады. Келесі отырыс 18-ші қарашаға белгіленсін", - деді судья Ерлан Баймолдинов.

Жәбірленуші Жібек Мусинова да бүгін сотқа соңғы нүкте қойылып, өзін қорлағандар әділ жазасын алады деп ойлаған. Енді тергеудің жалғасатынын естіп, көңілі күпті болып тұр.

"Айтарға сөзім жоқ. Бүгін үкім шығады деп ойлағам. Бірақ болмады. Не үшін бұлай болғаны түсініксіз", - деді жәбірленуші Жібек Мусинова.

Мұндай шешімді жәбірленушінің адвокаты да түсінбей отыр. Айман Омарова тіпті, сотқа біреулер қысым жасауы да мүмкін екенін жасырмайды.

Жібек Мусинованың зорланғанын анасы әлеуметтік желіде жайып салған еді. Қылмыс аудандық Ішкі істер бөлімінің алдында болған. Иектерінің астында болған жәйттен бейхабар сақшылардың төртеуі жұмыстан қуылды. Қыз зорлады деген күдіктілер де көпке ұзамай ұсталған болатын.

Прокурорлар қазір қамауда отырған Алмас пен Ербол Ермековтар, Асхат Бектұрсын және Нұрбол Елтайды 11 жылға соттауды сұрап отыр.

Тағы оқыңыздар:

Құрылысшылардың көз алдында "ЭКСПО-2017" аумағындағы нысан опырылып түсті (фото, видео)

Əсет Мəмбетов Олимпиада медалін қайтарып бермейтінін айтты

Ақтөбеде ұстазын балағаттаған оқушы 15 мың теңге төлейтін болды

ШҚО-да -30 градус аязда далада түнеген малшы аман қалды (фото)

Қытайдың АҚШ-тағы смартфондар арқылы тыңшылық ететіні әшкере болды

Еліміздегі салықтың 500 есе артуы кәсіпкерлердің қалтасына салмақ түсірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1319039-esikte-zhibek-musinovany-zhabylyp-zorl/