Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 жасында миллионер болған қазақ баласы кім?

Опубликовано:

17 жасында алғашқы миллионын тапқан қазақ баласы темір-терсек сатып күн көрген күндерін еске алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы "Замана" басылымы жазады.

Жас кәсіпкер, бүгінде бірнеше саланы игеріп отырған Арман Тосқанбаевты ата-анасы ештеңеден шектемей өсірген.  Қайда барамын, не істеймін десе де ерікті баланың өзіне берген ата-анасының әрекетін жас кәсіпкер бүгінде дұрыс деп бағалап отыр.

Дәл осы себептен, ол ата-анасы баласының табысына, жетістігіне, ештеңе жармай қалғанына да себепші болатын адамдар екенін айтады.

Қарапайым отбасынан шыққан Арман талай рет жоқшылықты да көргенін айтты.  Ата-анасының тапқан табысы күнкөрі­ске қалған жетпейтін кездері 4-ші сыныпта оқып жүрген бала темір-терсек өткізіп, ата-анасына қолғабыс болыпты.

"6-шы сыныпта оқып жүргенде мені «Мен неге талантсызбын?», «Неге мен бір салаға ден қойып, соны меңгермеймін» деген ой мазалай бас­тады. Содан не керек, мектептегі Жадыра Мұратханқызы деген информатика пәнінің мұғалімі маған көмек қолын созып, компьютердің тілін меңгеруге мүмкіндік берді. Компьютерлердің ана жерін бір, мына жерін бір шұқылап жүріп, оның тілін тез тауып алдым. Соның арқасында мұғалімдердің, сыныптастарымның компьютерлерін жөндеп беретін дәрежеге жеттім. Олар ақысына 200, 500 теңге береді", - дейді мектеп қабырғасынан бастап ақша тауып үйренген жігіт.

"11-сыныпты бітірген жылы тест­тен нашар балл жинап қалып, университетке түсе алмадым. Сондықтан тағы бір жылымды компьютер сатуға арнадым. Келесі жылы Ресейдің Томск қаласындағы университетке «Ұшу динамикасы мен ракета құрастыру» факультетіне грантқа түстім. Ол жақта да босқа жүрмей, достарыммен бірге бизнеспен айналыстық. Яғни орман шаруашылығымен айналысатын бір қытай жігітпен серіктес болдық", - дейді ол.

"Бірақ мен әлгі жоғары оқу орнын аяқтамадым. Себебі оқып жатқан мамандығым маған түк те қызық болмады. Содан Қазақстанға келіп, консалтингтік жұмыстармен айналыстым. Кейіннен «Интертел» деген компанияға техник болып жұмысқа тұрдым. Бір жылдан кейін техникалық директор, директордың міндетін атқарушы қызметіне дейін көтерілдім", - деген ол оқу оқымай-ақ жетістікке жетуге болатынын айтады.

Сондай-ақ, ол ата-аналарға кеңесін де аямады. Оның айтуынша, баланы "5"-пен оқы деп мәжбүрлемеу керек. Себебі, бала ата-анасының бұл талабын орындауға көңіл бөліп, өзінің бойындағы қабілеттерін дамытуға уақыт бөле алмай қалуы мүмкін дейді ол.

10-сыныпта оқып жүріп, компьютер сататын орталық ашқан кәсіпкердің бүгінде бірнеше жасыл технология өндіретін, отандық сағаттар шығаратын компаниялары бар. Өзінің жеке шаруа қожалығын және Жас кәсіпкерлер ассоциациясын басқарып отыр.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО тұрғыны 50 млрд теңгесін қайда жұмсарын білмей, көмек сұрады

Алматыны қалың қар басып қалды (фото, видео)

"МузАрт" тобы сахнаға аюлармен бірге шықты (видео)

Обама Трамп жайлы: Екеуміздің арамыз жер мен көктей

Қазақстанға келген Голландия елшісі Ресейді үлгі тұтпауға шақырды

Қанат Ислам: Мен Канеломен де, Коттомен де кездесуге дайынмын (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1319636-17-zhasynda-millioner-bolghan-qazaq-balas/

pixel