Ақтауда жұбайының кесірінен жоғары қызметтегі шенеунік лауазымынан айырылып қалды
Опубликовано:
Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы қызмет бойынша мүдделер қақтығысы үшін лауазымнан босатылды.
Бұл туралы Қазақстан ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputniknews.kz хабарлайды.
Алкоголь өнімдер шығарумен айналысатын "Партнер Актау Компани" ЖШС қызметін тексеру кезінде тауар сомасы бойынша елеулі айырмашылықтар анықталды. Салық тексеру нәтижесінде ЖШС қоймаларында белгіленбеген үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімі табылды.
Басталған сотқа дейінгі тергеу барысында ЖШС құрылтайшысы Маңғыстау облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы С.Қуанышәлиевтің жұбайы болып табылатыны белгілі болды.
"Қызметтік тергеу нәтижелері және тәртіптік комиссияның ұсынымдары бойынша С.Қуанышәлиев атқарып отырған лауазымынан босатылды", — деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.
Тағы оқыңыздар:
Алматыда тоқтамай жауған қардың салдарынан 75 жол апаты болған (фото, видео)
Қанат Ислам: Мен Канеломен де, Коттомен де кездесуге дайынмын (фото)
17 жасында миллионер болған қазақ баласы кім?
Немересімен жарысып билеген әжейдің биі жұрттың көңілін көтеріп тастады
Обама Трамп жайлы: Екеуміздің арамыз жер мен көктей
СҚО-да тұрғындар Лениннің атындағы көшелерден әлі құтыла алмай жүр (фото)
Атақты Карповтан жеңіліп қалған 3 жасар шахматшы көз жасын тоқтата алмады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1319873-aqtauda-zhubayynynh-kesirinen-zhoghary-q/