Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш ағайындыны өлтірді деген күдіктілерді марқұмның туыстары ату жазасына кесуді сұрады

Опубликовано:

Ұзынғашатың мал базарына барған үш ағайындыны алдап апарып, атып өлтірген қылмыскерлерге прокурор өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады деп хабарлайды Алматы арнасы.

Ал, сотта соңғы сөз берілген қаскөйлер судьядан өздеріне аяушылық танытуды өтінді. Жарыссөз барысында тергеу ісіне қанағаттанбаған зардап шегушілер Сүлейманов пен Оңалбаевқа тек ату жазасы қолданылса ғана көптің көңілі жәй табады деп отыр.

Екі аптаға созылған сот процестерінің отырысында жарыссөзге кезек берілді. Ашу-ыза, қайғы, кек, өкінішке толы сөздердің айтылуымен өтіп жатқан соттың соңғы сәтіне жетпей судья қатарынан екі қаулы қабылдады. Жәбірленуші тараптың өкілдері асыраушысынан айырылған үш отбасына 50 миллион теңге материалдық шығын өндіртуді және үйде заңсыз мылтықтың сақталуын органдарға хабарламаған Сүлеймановтың әйелінде жауапқа тартуды талап еткен еді. Бірақ судья екі талапты да қанағаттандырмай, арнайы үкім шығарды.

«Бұл істің тергелуіне мен өз басым және мына көп халықта сенбейді. Бұл екеуін атуды сұраймын. Әділ заңды құрметтейміз, болмаса бұл екі сұмырайды өзіміз-ақ жазалар едік», - деді жәбірленуші Тұрсын Әмірбайұлы.

Оқиғаның ақ-қарасы бір жарым айда тергеліп, екі апта сотта қаралған істе жәбірленушілер өзгеде адамдардың қылмысқа қатысы барын үнемі айтып келген еді. Мылтықтың иесі, бұрын Ұзынағаштың ІІБ-де басшылық қызмет атқарған, қазіргі зейнеткер Жаңай Сүлейменовтің үстінен де жеке іс қозғалғаны айтылды.

«Ату жазасын қолдануды сұраймын. Бұндай әрекетке тек қана ату жазасы деп ойлаймын», - деді жәбірленушілердің адвокаты Мұхтарима Карбанова.

Қарақшылық шабуыл жасау, алдын ала сөз байласу арқылы адам өлтіру, қаруды заңсыз сақтау сынды қылмыстық кодекстің оншақты бабы бойынша айып тағылған қылмыскерлерге тек мәйітті қорлады деген кінә дәлелін таппады. Бірақ мемлекеттік айыптаушы бұған қарамастан екі күдіктіге қолданыстағы ауыр жазаларды сұрады.

«Сүлеймановты өмір бақи жазаға тартуды, мүлкін тәлкілеп, жазасын қатаң тәртіпте өтеуін сұраймын. Ал, Оңалбаевқа қылмыстық кодекстің 99 бабы, 2-бөлімінің 1,7,8 тармақтарымен 15 жылға, 192 бабтың 4 тармағымен қылмыстық жолмен стаып алынған заттарды мемлекет мүлкіне тәлкілеп, 11 жыл 3 айға, 200 батың 2-бөлігі, 1,2 тармақтарымен 2 жыл 6 айға, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен 24 жылға бас бостандығына айырып, жазасын қатаң тартіпте өтеуді сұраймын», - деді мемлекеттік айыптаушы Арыстанбек Әлікенов.

Прокурор сотта үшінші күдікті ретінде жауапқа тартылған Бақыт Байқасымовты оқиғаны жасырғаны үшін 4 жылға жалпы режимдегі түзету мекемесінде жазасын өтеуді сұрады. Сотта соңғы сөз алған айыпталушылар судьядан аяушылық танытуды өтінді. Еліміздің ішкі және сырттағы қазақтардың арасында алаңдаушылық тудырған қанды оқиғаға қатысты үкім бүгін шығады. Ал, қапыда қайтыс болған ұлдарының қазасын көтере алмаған жігіттердің аналары қазір хәл үстінде жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Колумбияда бразилиялық футболшылар отырған ұшақ апатқа ұшырады (фото)

Гүлнәр Каримова халық алдына шығып, сөз сөйлемек

Таразда тоқ ұрып бесінші қабаттан құлаған ер адам аман қалды

Әлемдегі ең толық адам тағы 85 келі қосып алды (фото)

Мұсылманша киіммен бассейнге түскен әйел астаналық азаматтың ашуын келтірді

Дәрігер көңілдесімен бірге болу үшін өзіне сегіз бала сыйлаған әйелін өлтіріп тастаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1332317-ush-aghayyndyny-oltirdi-degen-kudiktil/