Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда сегіз жасар қызды бір жыл бойы аңдумен келген ер адамға қатысты жаңа дерек пайда болды

Опубликовано:

Сегіз жасар қызға үздіксіз қоңырау шалып, оған интимдік сипаттағы әңгіме айтатын ер адамды Қарағанды облысы ІІД іздеп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, педофилді іздеумен арнайы құрылған тергеу-оперативті топ айналысып жатыр.

«Қылмыстық кодекстің "кәмелетке толмаған баланы азғындату" туралы 124-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмысты анықтау үшін жеке тергеу-оперативті топ құрылды. Күдіктіні анықтау және ұстау жөніндегі барлық іс-шаралар кешені қолға алынған.

Іс Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің басшысының бақылауында", - деп хабарлады өңір ІІД баспасөз қызметі басшысы Бақытжан Құдияров.

Алайда, қыздың анасының айтуынша, ол полицияның бұл іске қатысты ешқандай әрекет жасамай отырғанына ренжулі.

«Бір жыл бойы бұл қоңыраулар толастар емес. Белгісіз ер адам сегіз жасар қызыма қоңырау шалып, оған ұятсыз әңгімелер айтады. Телефонды мен немесе әжесі алғанда ол тұтқаны тастай салады», - деп айтып берді Елена Куликова.

Ал полиция қызметкерлері болса, қыздың анасы арызды тек қыркүйек айында ғана жазғанын айтуда. Қыздың анасының тергеуге қатысты айтқан айыптауларын олар мойындамай отыр.

«Қылмыскерді ұстау жөніндегі жұмыс жүргізіліп жатыр. Ал баласымен болған жайтты жалпақ жұртқа жайып салғаны қылмысты анықтау ісіне үлкен кедергі келтіріп отыр", - дейді Бақытжан Құдияров.

Енді күдікті әр басқан қадамына сақ болып, нөмірі мен геолокациясын қайта-қайта ауыстыруда. Дегенмен, қанша айла жасаса да, полиция қаршадай қыздың мазасын алып жүрген ер адамды ұстайтынына сендіріп отыр.

Тағы да оқыңыздар:

Жаңа Зеландия деген ел бар екенін білмеген шекарашылар оның азаматын Қазақстанға кіргізбей қойған

Отандық продюсер өте танымал қазақ әншісінен жасырын бала туып, оның тоқалы болғанын мойындады

Қарағандыда педофил сегіз жасар қызға толассыз қоңырау шалып, зәре-құтын қашыруда

Қазақ әжеймен бірге екі ай бойы өмір сүріп, қой баққан шетел азаматы өзінің әсерлерімен бөлісті

Алматы базарында тағы да төтенше жайт: "Жібек жолы" базарын су басты (видео)

Нағима Есқалиева таяқтың астына алатын күйеуінен қалай құтылғанын айтып берді

Алпыстан асқан Лидия Кәденова би билеуден жастарды шаң қаптырды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1336973-qaraghandyda-segiz-zhasar-qyzdy-bir-zhyl-2/