Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар "Фурманов" көшесі атауының өзгермегеніне қынжылды

Опубликовано:

Алматыда өзгерген көше атаулары кейбір тұрғындарды қуантса, кейбірінің болжамы дәл шықпады деп хабарлайды Азаттық.

Қазақстандағы "Тұңғыш президент күні" мейрамымен тұспа-тұс келгендіктен, Алматыдағы көше атауларының өзгеретіні туралы хабарды тұрғындар мен әлеуметтік желі қолданушылары сан-саққа жүгірткен. Қала орталығына жақын жатқан Мирзоян көшесінің атауын өзгерту туралы шешім бірқатар қолданушыларды қуантқанға ұқсайды.

Бағдат Дүйсенов есімді Facebook әлеуметтік желісін қолданушы өз парақшасында бұл жаңалықты естіп, сүйінші сұрады.

"Сүйінші!!! Сүйінші!!! Сүйінші!!! Алматы қаласындағы Мирзоян көшесін Қазақ энергетикасының атасы, ҚР ҰҒА академигі, Халық қаһарманы, ұлы ғалым атамыз Шапық Шөкин есіміне ауыстырды. Осыған атсалысқан барлық азаматтарға Шапық Шөкиннің отбасы мен туыстарының атынан мың алғыс!!!" деп жазды Бағдат Дүйсенов.

"Алматыдағы Мирзоян көшесімен бірге Қазақстанда Сталиндік сана сезім де өшсін" деген қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан көше атауын ауыстыру оңай болмағанын, осы нәтижеге жету үшін "ұсталып, сотталғандарын", енді Алматыда Ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылады деп үміттенетінін жазды.

Facebook қолданушысы Асқар Құмыран "Алматыда Сталин жендеті Мирзоян атындағы көшенің атауын өзгертуге екі жылдай уақыт кеткенін" атап өтті.

Алайда Kairat Beketov есімді әлеуметтік желі қолданушысы тарихты есте сақтап, құрметтеу керектігіне назар аударады. Оның пікірінше, "Мирзоян қазақтарға жақсы қараған, жазушы Мұхтар Әуезовті құтқарып қалған". "Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Ақтөбеде Мирзоянға ескерткіш ашылған. Ал енді Алматыда Мирзоян көшесінің атауын өзгертіп жатыр. Мирзоян мен әйелі 1939 жылы репрессияға ұшыраған" деп аяқтайды жазбасын Kairat Beketov.

Алматы қаласындағы кейбір көшелердің атауы өзгеретіні туралы хабар әлеуметтік желіде қарашаның 30-ы күні тарап, Facebook қолданушылар қай көше атауының ауысуы мүмкін екенін болжай бастаған. "Фурманов көшесінің аты өзгеріп, оған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуі мүмкін" деген жорамалдар айтылған. ​

"Алматыда жеті көшенің атауы өзгереді деп жатыр. Қай көшенің атауы бірінші өзгерерін ішім сезіп отыр. Қала әкімінің орнында болсам, Елбасы атауын метроға беруге ұсыныс жасар едім. Сонда метро станцияларын уақытында салып бітіруге тырысар еді" деп жазады Казбек Бейсебаев есімді қолданушы.

Ал Дидар Ақбай: "Меніңше Фурманов көшесі Мәңгілік ел болады" деп болжаған.

Назгүл Қожабек есімді Facebook қолданушысы "Ееее. Əлдеқандай ғып жеті көшенің аты ауысады дегенге... Гоголь, Шевченко, Тимирязевті ойлап отырмаймын ба....Армандапсыңдар. Анау, қалаға жаңа қосылған ауылдардағы қаладағымен аты бірдей кішкентай көшелер ғана ауысады екен. Расслабьтесь" деп жазады. Расында да онамастикалық өзгеріс негізінен Алматыға жаңадан қосылған аймақтардағы қалада бұрыннан бар атаулармен қосарланып қалған көшелерге қатысты болып шықты.​

Қазақстанда қарама-қайшы тарихи рөл ойнаған адамдардың атындағы көше атауларын өзгертуге қатысты пікірталас жиі болып тұрады. Левон Мирзоянның құрметіне аталған көше атауы бұған дейін Астанада өзгерген болатын. Ақтөбе қаласының белсенділері де қаладағы Мирзоян көшесінің атын өзгертуді талап етіп келеді.

Тағы оқыңыздар:

Отандық продюсер өте танымал қазақ әншісінен жасырын бала туып, оның тоқалы болғанын мойындады

Алматы облысында жас жігіт жазықсыз үш адамды мүгедек қылды (фото)

Жантүршігерлік жол апатынан тірі қалған үш жасар сәбидің әкесі табылды (фото)

Каримовтің көлеңкесінде жүрген Мирзияев отбасымен сайлауға келді (фото)

ОҚО-да белгілі уағызшы өмірден өтіп, жаназасына он мыңға жуық адам жиналды

27 жыл бойы шешесінің таяқ жегеніне шыдай алмаған жігіт әкесін сабап тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1337486-almatyda-ozgergen-koshe-ataulary-zheli/