Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да 20 жылда болмаған қаһарлы қыс қайталануы мүмкін

Опубликовано:

Семей қаласына қарайтын 8 ауылдық округке қатысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды деп хабарлайды "Қазақстан" арнасы.

Өйткені қардың тым қалың түсуіне байланысты мал шығыны болуы мүмкін дейді мамандар. Жалпы Шығыс Қазақстанда биыл қыс ерекше қатал болып тұр. Ауылдарда қардың деңгейі кей жерлерде жарты метрден асып кеткен. Соның салдарынан төрт-түлік жайлымға шыға алмай, қолға қарап қалған.

"Жайылым жоқ мүлде. Үй-үй арасында ғана жүреді. Далада түк жоқ. Мұз. Мұздың үсті қар бір метр. Халық қазір осы малдарын жаны қысылғандықтан сатып жатыр, арзан бағаға", - деп күйінді Қайнар ауылының тұрғыны Жәнібек Наурызбаев.

Биылғы гидрометбюроның мәліметтеріне сүйенетін болсақ, қыс маусымы қиын болады. Жылдағыдан қарағанда. Яғни бұдан 20 жыл болмаған қыс биыл биыл болайын деп тұр.

Қазір жергілікті әкімшілік 15 миллион теңге қаржы бөлген. Бұл төтенше жағдай орын алған ауылдарға мал азығын, тұрғындарға азық-түлік жеткізу үшін жұмсалмақ. Қажет жағдайда тағы да қаржы бөлу қарастырылып жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Не себепті қазақтардың дені соғым жеуді тек түсінде көретін болған? (фото)

Ақмола облысында ақыл-есінде ауытқушылығы бар әйел жоғалып кетті

70 жастағы қария жарты тоннадан астам қан өткізіп, талай жанды құтқарған

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасында ұлды болды

Ақышев: 2017 жылы валюта бағамы тағы да еркін айналымда болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1341476-shqo-da-20-zhyl-boyy-bolmaghan-qaharly-qys-q/