Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Билік басындағылар Аллаға ашық түрде құлшылық етіп, жұма намазына қызметтік көлікпен келетін болған

Опубликовано:

Аллаға ашық түрде құлшылық ететін билік басындағылардың саны артпаса, азаяр емес. Тіпті діни ұстанымдарын ашық көрсетуге заңмен тыйым салынса да, шенеуніктер жұма намазына қызметтік көлікпен келетін болыпты деп хабарлайды 31 арна.

Мешіттің маңында мемлекеттік нөмірлі автокөліктердің көптеп тұратынын құзырлы орган өкілдері тексеріс барысында анықтаған.

Соңғы кездері жұма намазына әкімдік өкілдерінен бөлек құқық қорғаушылар да жиі қатысатын болған. Мешіт маңында қызметтік көліктер көптеп тұратынын мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі анықтапты. Сондықтан қазір түсіндірме жұмыстары екі есе күшейтіліпті.

"Әдеп нормалары әдеп кодексінде бекітілген. Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметші, оның ішінде басшы лауазымын атқаратындар ұжымда өз діни көзқарасын ашық насихаттауға, жариялауға, сонымен қатар өзінің қол астындағы адамдарды діни ұйымдарға қатысуға мәжбүрлей алмайды", - дейді Қарағанды облысының мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Айдана Кәрімқызы.

«Билік басындағылар дінге деген көзқарасын жасырып ұстау» деген тәртіпті дін өкілдері де құптап отыр. «Қабылданған жаңа заң жат ағымның етегінде кеткен адамдардың санын азайтуға көмектеседі», - дейді.

Десе де мемлекеттік қызметкерлерге қатысты былтырғы жылы шыққан ресми құжат имамдарға әлі жетпепті.

"Әрбір мектептің не болмаса университеттің, не болмаса қандай да бір орган болса бір органның ішкі тәртібіне қызметкерлердің этикасы мен әдебіне зиян келіп қалмасын деген мақсатта айтылуы мүмкін. Бірақ бұл туралы нақты бізде мәлімет жоқ", - дейді Қарағанды облыстық орталық мешітінің теологы Нұрбол Тагаев.

Ал мешітке қызметтік көлікпен барған шенеуніктердің санын құзырлы орган өкілдері айта алмай отыр. Бір ай бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов те жұма намазына жаппай кетуді тоқтатуды сұраған.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде салафи бағытын ұстанатын қауіпті қылмыскерлер ұсталып жатыр (фото)

Оңтүстікте әйелін төркініне әкеліп тастаған азамат ұлымен Өзбекстанға қашып кеткен

Ақтөбеде қорғанамын деп күйеуін өлтіріп алған келіншек ақталып шықты

Қайрат Нұртас, Дмитрий Баландин мен Әділбек Ниязымбетов "Дарын" сыйлығын алды (фото)

Сапарбаевтың жұмыс істеуіне тәнті болған бойжеткен мемқызметкер болуды армандауда

Василий Левит миллиондаған сыйақысын жұмсайтын уақыт таппай жүр

Қырғызстан Сирияға барып келген азаматты 13 жылға соттап жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1342359-bilik-basyndaghylar-allagha-ashyq-turde/