Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі аяғынан айырылған әнші қыз көпшіліктен өзін аямауды сұрады (фото)

Опубликовано:

Оны тағдыр дүниеге келген сәттінен бастап сынап келеді. Бірақ «жеңілдім» деген сөзді білмейді. Оның балалық шағы, жасөспірім уағы, бойжеткен тұсы, ақыл тоқтатқан кезеңдерінің барлығына да сол мүгедектер арбасы куәгер болып келеді.

 

 

Бұл туралы ikerim.kz сайты жазады.

Мәдина 1988 жылы желтоқсан айының 21 жұлдызында дүниеге келген. Анасынан естігені бойынша туған кезінде арқасында грыжасы болған екен. Соны алмақ болып, бес айлығында ота жасаған дәрігерлер мүлт кетіп, бөбектің сегізкөзіне зақым келеді. Соның кесірінен екі аяғынан жан кетіп, 28 жыл бойы мүгедектер арбасының көмегімен тұрмыс кешіп жүр.

Бала кезінен бастап ән айтуды жаны қалайтын Мәдинаның алғашқы тыңдармандары өз отбасының мүшелері. 2009 жылдары жас қыздың жүрегіне сезім ұялап, жыр жаза бастайды. Ол туралы сұрағыма: «Бірақ, соларды қазір оқысам еш ұйқасы жоқ екен»-деп күліп қойды.

Кейіннен ән өңдейтін достарымен келісіп, ән жаздыруды қолға ала бастайды. Өзінің айтуынша өміріне елеулі өзгеріс алып келген, көзқарасының өзгеріп, серпілуіне жол ашқан «Оңалту» орталығы екен. 2014 жылы орталыққа барып, тағдырлас жандар, дос-сырластар табады. «Тек олар емес, басқа да достарым баршылық. Мен танысқан адамдарға бірден: «Мені аяма!»-деп айтамын. Себебі өзіме аяушылықпен қарағандарын қаламаймын дейді.

Косметика сатқан, шаштараз, тырнақ жасау кәсіптерімен айналысқан Мәдина тынымсыз еңбек етіп келеді. Соңғы уақытта шығармашылықпен айналысып, Кентау қаласында өткен эстрада жұлдыздарының да концерттерінде ән салыпты.

Ең бірінші «Мафия мен тақия» театрының кешінде ән салған, кейіннен Қанат Үмбетов келеді дегенде өзім Мәдениет үйіне бардым деп күледі. Сол жерде Қанаттың өзі көріп, тыңдап, Мәдинаны концертіне алып шығыпты.

 

«Кейде өзгелерге қарап отырып өз өміріме тәубе етемін!» деген сөзінен тағдырына шүкіршілік еткен жан екен байқадым. Он екі мүшесі сау бола тұра қоғамға пайда әкелмейтіндерді, отбасының шырқын бұзатындарды көргенде батыл қыздың көңілі түседі.

Кейде «Әттең-ай, солардың екі аяғын маған берген де ғой»- деп ойланамын деген, әнші қыздың алда армандары да көп. Арман деген ешқашан таусылмайды емес пе?! Мәдина: «Оған жету үшін мақсат қойып және ұмтыла білемін»-деп қайсарлығында танытып қалды.

Дегенмен кішкентай қалада көп нәрсеге мүмкіндің бола бермейтіні де белгілі. Әлі де шығармашылықпен мықтап айналысуға жағдай да, мүмкіндікте келмей жатқан сықылды. Нәзік дауыс иесіне неге қолдау білдірмеске?

Тағы да оқыңыздар:

Мұхтар Әблязовтің туыстары банкирдің бостандыққа шығуын атап өтуде (фото)

Шымкенттік сенатор қазақтардың жалқаулығына күйінді

Экс-мәжілісмен: Қазақ қыздары Шымкенттің жігіттеріне күйеуге шығуы керек

Қайрат Нұртас нағыз махаббатқа 18 жасында жолыққанын айтты (фото)

Ким Кардашьянның "сіңлісі" қызыл кілемге іш киіммен шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1344144-eki-ayaghynan-ayyrylghan-anshi-qyz-ozin-aya/